Қазақстанда қриптобиржалардың жұмысын кім қалағадайды?
Қазақстанда 13 криптобиржаның лицензиясы бар: оның 12-і белсенді жұмыс істеп тұр. Бұл туралы Қазақстандық блокчейн технологиялар және дата-орталықтар қауымдастығының төрағасы Дәурен Қарашев «Голос народа» YouTube арнасына берген сұқбатында айтты.
Сарапшының пікірінше, цифрлық майнинг саласын реттеп, қадағалауды көздейтін тиісті нормалар бар. Алайда іс жүзінде цифрлық активтер саудасын қадағалау қиын болып отыр.
«Қазақстан аумағында цифрлық активтердің айналымына тыйым салынған, оған тек АХҚО аумағында ғана рұқсат етіледі. Цирфлдық саудамен айналысқысы келетін адам міндетті түрде реттеушіден лицензия алуы керек. Бұл салада лицензиясыз жұмыс істеу мүмкін емес. Бұл қызметтің тәуекелі жоғары, сондықтан бұл сала қатаң лицензияланған. Бүгінгі таңда елімізде 13 криптобиржа лицензия алды, басқа ешқайсында лицензия жоқ. Ал лицензиясыз жұмыс істейтіндердің барлығы заңды бұзып отыр және ол үшін ерте ме, кеш пе жауап беретін уақыт келеді», - деді Дәурен Қарашев.
Қауымдастық басшысының пікірінше, реттеуші орган лицензия бергенімен, оны қадағалаумен айланыспайды. Себебі ол басқа мемлекеттік органдардың құзыретіне жатады.
Егер лицензиясыз жұмыс істейтін болса, қаржылық мониторинг агенттігі, прокуратура, энергетика министрлігі және т.б. органдар келеді. Ал лизензияны АХҚО бергенімен, оның ішкі актілерінде қадағалаушы орган анықталмаған. Мәселен, «Қазақстанда лицензиясыз жұмыс істейтін биржа бар, АХҚО-дан шаралар қабылдауды сұраймыз» деп барлық органдарға жазып, мардымды жауап ала алмадық, - деді Қарашев.
Сарапшы Қазақстанда заңсыз жұмыс істеп жатқан криптобиржалардың барын атап өтті.
«Өкінішке орай, бізде Вybit, Оkx, KuCoin, Binance Global жаһандық криптобиржалары бар. Мысалы Қазақстанда Вinance global және Вybit Global аймақтық өкілдіктері бар, лицензия алды. Бірақ Binance Global лицензия алған жоқ және қазақстандықтардың көпшілігі қазір осы биржаларда жұмыс істейді. Біріншіден, бұл крипто алаңдар лицензия алмаған, сәйкесінше олардың Қазақстан алдында еш жауапкершілігі жоқ. Егер белгілі FTX биржасы сияқты жағдай болса, біздің реттеуші қазақстандықтардың салымдарын қандай да бір жолмен қайтару үшін дәрменсіз болады. Екіншіден, ақша жымқыру, жемқорлық кірісін жасыру, салықтан жалтару және т.б. үшін таптырмайтын арна. Сонымен қатар, лицензия алмаған осындай биржалар біздің криптовалюталардың «нанына» ортақтасып отырғанын атап өту керек», - деді қауымдастық басшысы.
Сонымен қатар ол заңсыз криптобиржаларға тосқауыл қоймаса, тұтынушылардың көбі жаһандық криптобиржалардың соңынан кетеді деп қауіптенеді.
«Біздің криптобиржаларымыз алдына бірінші кезекте қазақстандықтардың жинақ ақшасының сақталуын қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сонымен қатар, салық төлеп, қызметін ашық түрде жүргізіп отыр. Мұның бәрі сәйкесінше олардың комиссияларына қосымша салмақ болады. Егер біздегі биржалар мен түсініксіз оффшорлық юрисдикциялар тіркелген жаһандық криптобиржалар ұсынатын комиссияларды салыстыратын болсақ, біздің биржалар жеңіледі. Барлық клиенттер жаһандық криптовалютаға кетеді. Бұл жағдайда өзіміздің крипто нарықты қалай дамытамыз? Айтқым келетіні, заңнама деңгейінде бәрі бар, қажет норманың бәрін жаздық. Тек енді оның орындалуы қалды. Сол талаптар орындала бастағанда, бұл саланың болашағы зор деп ойлаймын», - деді Дәурен Қарашев.