Шенеуніктер жалған есеп беруге әбден үйренген
Мәжілістегі Respubliса фракциясының депутаттары Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми деректеріне күмән келтірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Депутаттық сауал Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың атына жолданды.
Статистикаға қарасақ, әрбір қазақстандық, оның ішінде нәрестені есепке алғанда, олар әр күн сайын жарты келі картоп тұтыну керектігін білесіз бе? Ал бұл – салыстырмалы түрде картоптың отаны Беларусь елінен бірнеше есе көп деген сөз. Мен статистикаға бекер сүйеніп отырған жоқпын. Ашығын айтсақ, Қазақстан картопты 2 есе аз өндіреді. Дәл осындай жағдай басқа да салада кездеседі. Бұл ресми статистика мен шынайы өмірдің сәйкес емес екенін көрсетеді.
Салалық одақтардың бағалауына сәйкес, бидайға қатысты берілген есеп 3 млн тоннаға артық. Бәріміз білеміз, 2021 жылы Маңғыстау облысынан бастап, бүкіл оңтүстік, батыс өңірлерде қуаңшылық болды. Сол кездегі Ауыл шаруашылығы министрі ауыр жағдайға қарамастан 20,1 млн тонна астық жиналғанын сүйінші сұрап жеткізгені есімізде. Жекелеген аймақтарда мал басын санағанда анықталған сәйкессіздік 40%-ды көрсетті», - деді депутат Айдарбек Қожаназаров.
Оның айтуынша, елімізде шенеуніктер жалған есеп беруге әбден үйреніп алған. Алайда бұл азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіреді.
Осындай өтірік кімге, не үшін керек?! Жалған есептер еліміздің ауыл шаруашылығы саласын құрдымға жібермей ме? Барлық деңгейдегі әкімдіктер, орталық мемлекеттік органдар жалған мәлімет беруге әбден үйреніп алды. Былай айтқанда, жеке қосалқы шаруашылықтардың көрсеткіштерін өз бетінше еселеп, статистиканы түрлендіре береді. Ал бұл үшін жауапкершілік мүлде қарастырылмаған.
«Елді жаман әкім тоздырады, жақсы әкім оздырады» деген халық даналығы бар. Әрине, әкімдердің арасында бәсеке болғаны жақсы. Бірақ олар нақты атқарылған іспен, нәтижемен жарысып жатса, онда оны құптауға болады. Ал ойдан шығарған сандармен арзан ұпай жинау елге қажет емес. Мұның зиянын бюджетті жоспарлау кезінде көріп отырмыз. Нарықты реттегенде қате шешімдер қабылданады. Бәрін былай қойғанда, бұл елдің азық-түлік қауіпсіздігінің тас-талқанын шығаратынын баса айтқым келеді», - деді депутат.
Сондай-ақ Айдарбек Қожаназаров мәселені шешу үшін өз ұсынысын айтты: