×

Шетелдік фермерлер Еурокомиссия басшысының Украинаны қолдауына наразы

Олардың пікірінше, бұл саясат шағын фермалардың жұмысын тиімсіз етеді

 Еркеғали Болатұлы 26.01.2024 | 11:40
фото: AFP 2024/Christophe Archambault

Соңғы апталарда Франция, Германия, Польша және басқа да еуропалық елдердің фермерлері Еуроодақ тарапынан шектеулердің күшеюіне байланысты наразылық акцияларын өткізіп жатыр.

Еске сала кетсек, күні кеше Франциядағы 200-ге жуық фермер Брюссель орталығындағы Еуропарламент ғимаратының жанында жалпыеуропалық саясатқа байланысты наразылық акциясын ұйымдастырған болатын. Фермерлердің пікірінше, бұл саясат шағын фермалардың жұмысын тиімсіз етеді.

Еуроодақ регламентіне байланысты үнемі өсіп жатқан шектеулер мен кірістердің тұрақты төмендеуіне байланысты фермерлер тығырыққа тап болды, - делінген акцияны ұйымдастырған Ауылдық үйлестіру орталығының мәлімдемесінде.

Фермерлер Еуроодақпен еркін сауда келісімдері бар елдерден келетін арзан шетелдік импортпен бәсекелесу үшін күресіп жатқанын айтады. Олар Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенді еуропалық ауыл шаруашылығын дамыту туралы сөзінен кейін Украинаны қолдады деп айыптады.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама