×

Депутаттар ЖСН-ді нәресте туған бойда бірден беруді ұсынды

Осылайша, алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделген

 Еркеғали Болатұлы 24.01.2024 | 12:02
фото: opennews.kz

Бүгін Мәжіліс кулуарында бала туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) беру ұсынылды.

Айта кетсек, Мәжілісте Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне байланыс, цифрландыру және ақпараттандыру саласының инвестициялық ахуалын арттыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы қаралған болатын. Соның ішінде жаңа туған баланың жеке деректерін жоғалту қаупінің алдын алу үшін нәресте туғаннан кейін бірден, алғашқы 20 минут ішінде жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) тағайындау ұсынылды.

Осылайша, алаяқтық және адам ұрлау сияқты заңсыз әрекеттердің қаупін азайту көзделіп отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама