Halyq Uni логотип
×

Баскетболдан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітпейді – министр

Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – төртінші орын. Оның өзі – 2007 жылғы көрсеткіш

 Дастан Жұмабекұлы 17.01.2024 | 12:23
Баскетболдан ұлттық құраманың нәтижесі көңіл көншітпейді – министр
Фото: arnapress.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев баскетбол федерациясының басшыларымен және жаттықтырушылар штабымен кездесті. Жиында федерация өкілдері баскетболдан ұлттық құрамалардың былтырғы нәтижелерін қорытындылап, алдағы бәсекелерге дайындық жоспарые таныстырды.

Баскетболдан Қазақстан құрамасы былтыр Қытайдағы Азия ойындарында жанкүйерлердің сенімін ақтамай, үздіктер қатарынан көріне алмады. Сонымен қатар ерлер арасындағы 5х5 құрамасы Париж Олимпиадасына жолдама беретін іріктеу жарыстарында сәтсіз ойнап, жолдамадан қағылды. Ал 3х3 баскетболы бойынша әлі бір іріктеу жарысы бар. Биылға жоспарланған олимпиадалық іріктеу бәсекесінде топ жарған команда ғана лизенцияға иелік етеді.

Баскетбол – әлемдегі ең танымал спорт түрінің бірі. Бүгінде елімізде 400 мыңнан аса адам спорттың осы түрімен шұғылданады. 16 облыстағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде 156 бөлімше жұмыс істейді. Статистика бойынша жыл сайын баскетболмен айналысатындардың саны артып жатқанмен, ұлттық құраманың нәтижесі төмендеп барады. Тәуелсіздік жылдарындағы Азия чемпионаттарының нәтижесіне көз жүгіртер болсақ, 5х5 баскетболдан әйелдер құрамасы ешқашан үздік 5 команданың қатарына енбеген. Ерлер арасындағы 5х5 баскетболдан Қазақстан құрамасы бірде-бір рет әлем чемпионатына қатыса алмады. Азия чемпионаттарындағы ең үздік нәтиже – төртінші орын. Оның өзі – 2007 жылғы көрсеткіш. Ұлттық құраманың орташа жасы – 33, – деді Ермек Маржықпаев.

Жиында министр баскетбол федерациясының басшылығына ұлттық құрамалардың жаттықтырушыларын қысқа мерзімде бекітуді, халықаралық ұйымдардағы өкілдікті көбейту және халықаралық деңгейдегі спорт төрешілерін даярлау жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды. Сондай-ақ ұлттық құрама ойыншыларының орташа жасын азайтып, спортшыларды даярлауда жаңа әдістемелік тәсілдерді енгізу мүмкіндігін қарастыру қажет екенін міндеттеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама