×

«Еш мағынасы жоқ»: Путин Украина әскерінің алаңдарды атқылау себебін түсіндіруге тырысты

Киев билігі неге олай істеп жатыр? Жауабы бар... – деді ол

 Еркеғали Болатұлы 17.01.2024 | 09:45
фото: Сергей Савостьянов/ТАСС

Муниципалдық құрылым басшыларымен болған кездесуде Ресей президенті Владимир Путин Украина Қарулы күштерінің азаматтық нысандарға жасаған шабуылдары туралы сөз қозғады.

Оның айтуынша, Киев өз халқына және демеушілеріне Мәскеуге жауап бере алатынын көрсетуге тырысып жатыр-мыс.

Қазір адамдар Киев билігінің неге олай істеп жатқанын түсінбей қалды. Бейбіт қалалар мен елді мекендерді атқылайды, алаңдарға соққы жасайды. Ондай шабуылдардың әскери мәні қандай? Еш мағынасы жоқ. Киев билігі неге олай істеп жатыр? Жауабы бар. Біріншіден, олар өз халқына және қару мен оқ-дәріге ақша беріп жатқан демеушілеріне Ресейге жауап беруге жағдайы бар екенін көрсетуге тырысып жатыр, - деді Ресей президенті.

Сондай-ақ ол Киевті келіссөздерден бас тартқаны үшін сынға алды. Оның айтуынша, «Украина билігі дұрыс шешім қабылдаған жағдайда бәрі баяғыда бітетін еді». Бұдан бөлек, Путин Владимир Зеленскийдің бейбітшілік формуласын «бейбіт диалогқа тыйым салатын талаптар» деп санайды.

Осы орайда ол КСРО ыдырағаннан кейін Украина жерінде күшті ұлтшылдық идеяларының тарап кеткенін тағы бір мәрте еске салды. Осының барлығы қазіргі жағдайға әкеліп отыр деп есептейді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама