Halyq Uni логотип
×

Биыл Қазақстанда автокөлік 12-17% қымбаттауға тиіс - сарапшы

Былтыр сатылған әрбір төртінші көлік – Қытай көліктері

 Еркеғали Болатұлы 16.01.2024 | 16:33
Биыл Қазақстанда автокөлік 12-17% қымбаттауға тиіс - сарапшы
фото: Halyq Uni

Алматыда өткен «Қазақстанның автонарығы: аналитика, технологиялар, болжамдар» баспасөз мәслихатында Freedom Finance Global талдаушысы Аңсар Абуев 2024 жылы автокөліктердің бағасы қымбаттайтынын айтты, деп хабарлады Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Сарапшы жеңіл автокөліктердің өсімі 10 жылдағы ең жоғары нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Қазақстанда 5,09 млн автокөлік тіркелген. Олардың 4,47 миллионы – жеңіл автокөліктер. Жыл басынан бері жеңіл автокөліктер 14,4% өсті, бұл – соңғы 10 жылдағы ең жоғары нәтиже, - деді Аңсар Абуев.

Оның болжамы бойынша, көлік бағасы биыл 12-17% қымбаттауға тиіс.

Біз сарапшылар мен тұрғындарға автонарық туралы сауалнама жүргіздік. Сарапшылар көлік бағасы 10-20%-ға өсетінін болжап отыр. Ал біздің болжам: 2023 жылы елдегі инфляцияның 9,8%-ға дейін түскенін ескере отырып, көлік бағасы 12-17%-ға өседі. Оның басты факторы ретінде Қытай нарығына негізделген сұраныстың сақталуын айта аламыз, - деді сарапшы.

Қазақстанның автомобиль нарығындағы, сондай-ақ несиелеу, сақтандыру, автокөлік бөлшектерін сату сияқты ілеспе салалардағы негізгі трендтер қаралып, жалпы ахуал талданды.

2023 жылы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 120,3 мың жаңа жеңіл автокөлік сатылды. Бұл – 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, 60,5%-ға көп. Біздің зерттеуміз бойынша, былтыр сатылған әрбір төртінші көлік – Қытай көліктері.

Болжам бойынша, Қытайдан келетін барлық көлік маркаларын қосып айтқанда, 2024 жылы олар қазіргі Қазақстан автонарығының сатылым бойынша көшбасшылары Hyndai мен Chevrolet-тен басып озады», - деді Аңсар Абуев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама