×

ХАМАС-тың басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударуы мүмкін

Ұйымның жетекшілері Израильдің «Моссад» арнайы қызметінің қастандығынан сақтанып отыр

 Дастан Жұмабекұлы 15.01.2024 | 16:06
Фото: AZfront

Azfront-тың хабарлауынша, ХАМАС ұйымының басшылығы Катар елінен Түрік Республикасына қоныс аударуы мүмкін. Бұл – әзірше жоспар ғана. Алдағы уақытта ұйым шешім қабылдайды.

Қазір палестиндік қозғалыстың жетекшілері Доха қаласында орналасқан. Ал кейбірі Ыстанбұл қаласында тұрып жатыр. Мәселен, ХАМАС-тың қаржылық мәселесіне жауапты шенеунігі Захер Жабарин бірнеше жылдан бері Түркияда ұйымның жұмысын басқарып келеді.

ХАМАС ұйымы Израильдің «Моссад» арнайы қызметінің қастандық жасауы мүмкін екенін мәлімдеді.

2 қаңтарда Ливанның астанасы – Бейрут қаласында Салех әл-Аруриге қастандық жасалғанын білесіздер. Ол біздің беткеұстар басшымыздың бірі болды. Сондықтан ұйымның басшылығы Катардан Түркияға қоныс аударатын болса, біз отандастарымызды қуана қарсы аламыз, – деді Захер Жабарин.

Захер Жабарин Ыстанбұлда бірнеше жылдан бері тұрып келе жатқанын, оның жұмысы мен қызметіне ешкімнің кедергі жасамайтынын атап өтті. Оның айтуынша, Түркияда ХАМАС-тың әскери құрылымы орналасқан. Қолда бар мәліметке қарағанда, Захер Жабариннің өзі Анадолы елінің президенті Режеп-Тайып Ердоғанмен жақсы араласады. Сол үшін ол Түркияда ХАМАС-тың бір бөлігін басқарып отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама