Halyq Uni логотип
×

Газа секторы үмітсіздік пен өлім орнына айналды – БҰҰ

«Хезболла» тобы жауап ретінде Израильдің солтүстігіне, Мерон тауы аймағына бірнеше зымыран ұшырды

 Еркеғали Болатұлы 07.01.2024 | 13:50
Газа секторы үмітсіздік пен өлім орнына айналды – БҰҰ
фото: zaborona.com

БҰҰ баспасөз хатшысының орынбасары Стефани Тремблей Израиль мен Хамас арасындағы 3 айдан асқан соғыстан кейін Газа секторы өмір сүруге келмейтін жағдайға жеткенін айтты.

Бас хатшының гуманитарлық мәселелер жөніндегі орынбасары Мартин Гриффитс те жантүршігерлік шабуылдардан кейін Газаның үмітсіздік пен өлім орнына айналғанын алға тартқан.

Ал Ливан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шағым түсіріп, Израильді сейсенбі күні ХАМАС жетекшісі Салех әл-Арури мен тағы 6 адам қаза тапқан Бейрутке шабуылы үшін айыптады. Израиль бұл шабуылды палестиналық радикалды топқа қарсы «хирургиялық соққы» деп атаған.

Сенбі күні таңертең ливандық «Хезболла» тобы жауап ретінде Израильдің солтүстігіне, Мерон тауы аймағына бірнеше зымыран ұшырды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Өз кезегінде Израиль қорғаныс күштері Ливанның оңтүстігіндегі зымырандардың ұшырылуына жауапты «террорлық ұяшыққа» соққы бергенін мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама