Шерхан Мұртаза «жер сатылуы керек» деп қол қойды – жазушы Мұхтар Мағауин эксклюзив сұқбат берді
Қаламгер 17 жылдан бері эмиграцияда жүр
Қазақстанның халық жазушысы Мұхтар Мағауиннің Қазақстаннан жырақ шет елдерде тұрып келе жатқанына 17 жылдан асты. Жуырда отбасымен АҚШ-тан Түркияға қоныс аударған қаламгер қазір Анталия маңындағы Кемер қаласында тұрып жатыр. Бүгінде 83 жастан асқан қазақтың абыз ақсақалы қазақ баспасөзіне кең көлемде алғаш рет эксклюзив сұхбат берді.
Мұртазаев (Шерхан – ред.) «жер сатылсын» деп қол қойды. Жердің сатылуына бүкіл жазушылар қауымы қарсы болды. Сонда жиналыс өткіздік. Алтынбек Сәрсенбаев ұйымдастырып. Шығармашылық ұйымдар, Суретшілер одағы, барлығы келді. Сонда қатты-қатты сөйледік. Мен алдында мақала жазғанмын. Мен де сөйледім. Кейін соның қорытындылары газетке шықты. Менің айтқан сөзімді ешкім шығарған жоқ. «Жұлдызға» қайыра бастырдым, ол – екінші сөз болатын. Сонда Мұртазаев келмеген жиналысқа. Алдында «Жерді сату – анасын сатқан», - деп жүрген. Артынан «Жерді сатқан дұрыс, мен бір жерде отырғым келеді пенсияға шыққан соң, сонда жерсіз қалай отырамын?» деп парламентте Фариза екеуі қол көтерді, Жерді сатуға. Үшінші жазушы болды, жер сатылуды қолдаған – Исабаев. Ол – «Ауыл» деген партияның төрағасы болды, - деп пікір білдірді Мұхтар Мауғаин Halyq Uni тілшісіне берген сұхбатында.
Осыған дейін оқырманға 4 томдық «Шыңғыс хан» романын ұсынған жазушы қазір мыңжылдық қазақ тарихынан сыр шертетін «Алтын Орда» романын баспаға даярлап жатыр.
Сұхбатта Шыңғыс хан мен Алтын Орданың жаңаша тарихы, қазақ қоғамының бүгінгі жай-күйі, қазақ әдебиетінің кемшін тұстары мен келешегі туралы айтылды. Сонымен қатар жазушылық жолдағы сан түрлі кедергілер мен Назарбаев дәуірінің озбырлығы, Тұрар Рысқұловтың халыққа жасаған қиянаты туралы әңгіме өрбіді.
Мұхтар Мағауин Қазақстаннан неге кетті? Жазушы елге орала ма? Оның шығармашылықтағы қанаттас досы – Әбіш Кекілбаев өмірінің соңғы жылдарында неге ішқұса болды? Сұқбатта осы және өзге де маңызды сұрақтарға жауап берілді.