×

Қазақстанда жаңадан әйелдер саяси ұйымы пайда болады

Қазір ұйымның тек whatsapp-чатының өзінде отырған қолдаушыларының саны 10 мыңнан асады

«Зейнет жасын 58-ге түсіру жөніндегі Қазақстан әйелдері қозғалысы» ресми тіркелмек. Бұл туралы әйелдер қозғалысының мүшесі Кенжеш Сембаева «Ақ сөйле» Youtube-арнасында айтты.

Оның айтуынша, ұйымды ешкімсіз, ешқандай партияның ықпалынсыз, ешкімнің тапсырмасынсыз өздері құрған. Ешқандай қаржыландыру да жоқ. Тіпті митингке ұстап шығатын плакаттарына дейін 200 теңгеден өздері ақша жинайды.

Ендігі кезекте қозғалысты ресми түрде тіркеуге бермек. Ұйым өкілдері қазір жарғысын жазып, әділет органдарының басқа да талаптарын орындап жатыр.

«Бізге кей арандатушылар «биліктің адамысыңдар», «біреудің айтағымен жүрсіңдер» дегендей неше түрлі жазады. Өзіміз қарапайым адамбыз. Майкен Бегарыстанқызы деген қарапайым үйде отырған әйел. Қазіргі қазағымыздың жағдайын қарасақ, аянышты. Әркімнің өз ішінде елім, жерім дейтін патриоттығы болады. Соның бірі Майкен Бегарыстанқызы, өзімді де патриот санаймын. Жағдайым жаман емес, бірақ та осы қозғалыста жүрмін», - дейді Кенжеш Сембаева.

Айтуынша, қазір ұйымның тек whatsapp-чатының өзінде отырған қолдаушыларының саны 10 мыңнан асады. Одан бөлек, телеграм-арнада, фейсбукта да қолдаушылары жетерлік. Оның бәрін ұйымның белсенді мүшелері жүргізіп отыр.

«Ақтөбеде осы кестенің бәрін жасап отырған Ольга Смирнова деген белсендіміз бар. Кезінде жақсы жерде жұмыс істеген. Тамара Дүйсенова секілді маңызды кездесулерге сол кісіні шақырамыз. Сонда 200 теңгеден жинаңдар деп чатқа жазамыз. Сол 200 теңгелерімізді плакаттарымызға, жолға жұмсаймыз», - дейді белсенді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама