Halyq Uni логотип
×

Көптеген шағымнан кейін автобуспен Ақтөбе әкімінің өзі жүріп көрді (ВИДЕО)

Ескі автобустың саны ғана емес, сапасы да сын көтермейді

 Еркеғали Болатұлы 29.12.2023 | 13:54
Көптеген шағымнан кейін автобуспен Ақтөбе әкімінің өзі жүріп көрді (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қоғамдық көліктер жұмысына қатысты көптеген шағымдардан кейін жұмысты тексеруге шықты.

Жағдайды көзбен көру үшін ол бірқатар автобусқа отырып, кешкі уақытта жұмыстан қайтқан жолаушылармен сөйлескен.

Соның ішінде бүгін шығуға тиіс 12 автобустан тек қана 4 автобус шығарып отырған «Автопарктің» №22 маршрутына отырды. Ескі автобустың саны ғана емес, сапасы да сын көтермейді.

Жұмыстан, оқудан кешігеміз, автобус аз дейтін біздің тұрғындарды жақсы түсінемін. «Автопарк» пен «Табыс Ақтөбенің» жұмысына сұрақ көп. Халықтың оларға талабы дұрыс. Субсидия төлеуден бізде мәселе жоқ. Күн сайын бақылап отырмын. Конкурсқа қатысып, қызмет түрін ұтып алған соң, автобустармен толық қамтулары ерек, - деді Азамат Бекет.

«Автопарк» ЖШС-нің директоры Ақарыс Тілеулесов қала әкіміне жағдайды түзеу үшін жаңа автобустарға тапсырыс берілгенін айтты. Қаңтарда 30 және 2024 жылдың соңына дейін 70 автобус әкелінетіні айтылды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама