Соңғы қоңырауда мұғалімге гүл сыйлауға бола ма – БҒМ жауабы
Білім министрлігі мектеп бітіру кештері қалай өтетінін еске салды
Биыл 3,5 млн астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. Ал 170 мыңнан астам түлек мектеппен қоштасады, дейді білім және ғылым министрлігі.
«Соңғы қоңырау – бұл мұғалімдер мен оқушылар оқу жылын қорытындылап, білім алушылардың жетістіктерін атап өтетін көңілді әрі маңызды оқиға. 2022 жылғы эпидемиологиялық жағдай мектеппен қоштасу мерекесін өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Алайда ол міндетті түрде мектеп қабырғасында ұйымдастырылуы керек. Білім беру ұйымдары барлық қажетті ұсыныс және нұсқауды алды. Биыл елімізде 3,5 млн астам оқушы үшін соңғы қоңырау соғылады. «Алтын белгі» төсбелгісіне 8 139 түлек үміткер. Тағы қоса кетерім, жыл сайын 1 қыркүйек немесе 25 мамыр қарсаңында қоғамда «Мұғалімге гүл сыйлауға бола ма әрі бұл заң бұзушылық болып саналмай ма?» деген сұрақ туындайды. Біздің ұстанымымыз - иә, болады. Бұл жақсы дәстүр ғой», - деді БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімова.
Қазақстанның барлық мектебінде соңғы қоңырау мерекесі 25 мамырда өтеді. Аттестат салтанатты түрде 16-17 маусымда тапсырылады.
Дастархан мен көлікке рұқсат па? Білім министрлігі 2022 жылғы мектеп бітіру кештері қалай өтетінін айтты.