«Жақсы жаңалық күтіңіздер!»: Абат Айымбетов қайда кетуі мүмкін?
Ол «Астана» сапында жүріп, премьер-лигада 25 матчқа қатысып, 8 гол соқты
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов жақын арада команда ауыстыруы мүмкін, деп хабарлады BasSport.kz.
28 жастағы шабуылшы әлеуметтік желідегі парақшасына «Жақсы жаңалық күтіңіздер!» деп жазған. Ал қазір оған қазақстандық командалардан Шымкенттің «Ордабасы» және «Ақтөбе» клубтары қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Түркия клубтарынан да ұсыныс бар. Әзірге оның өзі нақты шешім қабылдамаса керек.
Биылғы маусымда «Ақтөбе» футбол клубының түлегі «Астана» сапында жүріп, премьер-лигада 25 матчқа қатысып, 8 гол соқты. Одан бөлек, 3 нәтижелі пасы бар. Ұлттық құрама сапында 3 гол салды. Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде бір мәрте көзге түсті.