Halyq Uni логотип
×

Адай жылқысы ұлттық брендке айналатын болды

Патент алу үшін құжат Ауыл шаруашылығы және Әділет министрлігіне жіберіледі

 Еркеғали Болатұлы 24.12.2023 | 11:49
Адай жылқысы ұлттық брендке айналатын болды
фото: Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Адай жылқысын дара тұқым деп танып, ұлттық брендке айналдыру үшін мемлекет басшысының тапсырмасымен зерттеу жұмыстары жүріп жатыр. Мемлекеттік комиссия да құрылды, деп хабарлады 24.kz.

Ғалымдар мен Ат спорты федерациясының өкілдері Маңғыстау облысының ауылдарын аралап, жылқы туралы мәлімет жинап жүр.

Адай жылқысы – қазақ бағзыдан салт мінетін жылқы тұқымы. Төзімділігі туралы түрлі аңыз-әңгіме көп. Арнайы құрылған мемлекеттік комиссия мүшелері облыстың барлық ауданын аралап, тың деректер жинады. Әрі жылқының генетикалық құрылымын ғылыми сынақтан өткізді.

Адай жылқысы, қазақы жылқы тұқымдары, мұның бәрі халық селекциясымен шығарылған. Бұл жерде нақты мына кісі жасады деп айта алмаймыз. Алдымен бұл халық селекциялық жаңа тұқым болып шығады. Ал кейін заңға қарай қалған авторларды қосуға болады, - деді комиссия мүшесі Сейілхан Рахманов.

Адай жылқыларына асыл тұқымды мал мәртебесін беру үшін аймақта бірнеше шара ұйымдастырылды. Нәтижесі де жоқ емес. Бұл туралы мамандар облыс әкімімен кездесуде айтты. Енді арнайы акт жасалады. Артынша патент алу үшін құжат Ауыл шаруашылығы және Әділет министрлігіне жіберіледі.

Мемлекет басшысы Маңғыстау облысына келгенде тапсырма берген болатын. Үлкен жұмыс атқарылды. Ғасырлар бойы ата-бабаларымыздың атқарған, ешкімнен құн сұрамай, ешкімге бәлденбей, аянбай, сағаттап, күндеп, айлап, жылдап атқарған істерінің нәтижесі, міне, қазір ресми талаптарға рең алып келе жатыр. Сол енді реттелуі керек, - деді облыс әкімі Нұрлан Ноғаев.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама