×

«Сұмдық қой, мынау» - желіде арандатушыны жауапқа тартуды талап етті (ВИДЕО)

Ол Путинге Украинадан кейін Қазақстанға шындап кірісуге кеңес берді

 Дастан Жұмабекұлы 24.05.2022 | 10:20
коллаж: Halyq Uni

Facebook әлеуметтік желісінде Тұтынушылардың құқығын қорғау коалициясының төрағасы Мұрат Әбенов Қазақстанның Ресейге қосылуын талап еткен белгісіз бір азаматтың видеосына наразылық танытты.

Бейнежазбада өзін таныстырмаған адам болашақта Ресейге Қазақстаннан үлкен қауіптің келуі мүмкін екенін айтып, Путинге Украинадағы соғысты бітірген соң РФ-ның оңтүстік шекараларына қатты мән беру керектігін ескертті.

«Ресей мен Қазақстанның шекарасы 7 мың шақырымнан асады. Сондықтан америкалықтар мен немістер Қазақстанда әскери базаларын орнатып, Ресейге қауіп төндіруі мүмкін. Қазақстанда Балқаш, Сарыөзек, Приозерскіде әскери полигондар бар. Батыс елдері осы әскери сынақ алаңдарын пайдаланып, Сібірге шабуыл жасаса «қуырдақтың көкесі» сонда болады. Сондықтан Қазақстан билігіне Путинге қарсы шықпауға кеңес беремін», - деді ол.

Осы ақпарат таралған бетте оған отандастарымыз пікірлерін қалдырып, видеоның авторын сынап жатыр.

«Сұмдық қой, мынау! Тиісті орындар шара қолданады деп сенеміз», «Мемлекетке өз азаматтары тіл тигізетін дәрежеге жеттік. Мұндайлар неге қайталана береді? Неге тоқтам болмайды? Елімізде осыларды тоқтататын қатаң заң жоқ? Азар болса кешірім сұрап құтылып кетем деп тұрған болар, қатаң жазалау керек» деген сияқты пікірлер қалдырған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама