Шавкат Рахмонов жеңе алмайтын жалғыз файтерді айтты
Ал Усманды, Эдвардсты, Чимаевты, Махачевті, Фьюри мен Майк Тайсонды жеңе аламын, - деді ол
Аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов UFC 296 турниріндегі жеңісінен кейін бірнеше мәлімдеме жасап үлгерді.
Жекпе-жектен кейінгі баспасөз мәслихаты мен одан кейін де болған сұхбаттарда ол БАҚ өкілдері қызыға, жарыса жазатын ойларын айтып, мәлімдеме жасады.
Одан сұхбаттың бәрінде америкалық журналистер: «Енді кімді жеңуге болады? Кіммен жекпе-жек қиын?» деп сұраған. Ол сұрақтарға Шавкат Рахмонов еш ойланбастан Нганнумен жекпе-жектің оңай болмайтынын айтып, оны жеңе алмайтынын мойындады.
Усманды жеңемін. Эдвардсқа да тізе бүктіремін. Чимаевты жеңуге болады. Махачевті де солай. Оны жеңе аламын. Нганнуды жеңу қиын. Фьюриді де жеңе аламын. Егер ол MMA ережесімен октагонға шықса, әрине, жеңісті жұлып әкетемін. Майк Тайсон маған соншалықты мықты қарсылас емес. Оны да құлатамын, – деді Рахмонов шағын сұхбатында.
40 жастағы америкалық спортшы Стивен Томпсон бүгінге дейін өзінің спорттық мансабында 24 рет октагонға шығып, 17 рет жеңіске жеткен. Ал Шавқат Рахмоновтың жүріп өткен жолы жанкүйерлердің көз алдында. 29 жастағы отандасымыз 2014 жылдан бері аралас жекпе-жекпен айналысып келеді. Осы уақыт аралығында 17 рет айқас алаңына шығып, барлық жекпе-жекті айқын басымдықпен жеңді. 8 қарсыласына мерзімінен бұрын тізе бүктірді. Бұл – Рахмоновтың 18-жеңісі.
Фрэнсис Нганну – UFC-дің қазіргі ауыр салмақтағы чемпионы. Жақында ол да мәлімдеме жасап, келесі жылдың 22 қаңтарынан бастап UFC-дің келісімшартымен жекпе-жекке шықпайтынын, өйткені жекпе-жекке аз ақша төленетінін жасырмады.
Қазір Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде үшінші орында тұр. Үштің өзі – күш!