Сәкен Майғазиевтің басы тағы да дауға қала ма? (ВИДЕО)

Халық үні

Ол жарнамалаған компаниядан нақты пирадмиданың мысалдары, сипаттары шығып отыр

фото: Halyq Uni

Танымал әнші насихаттап жүрген қара зере майын өндіретін компания – шындығында қаржы пирамидасы. Бұл туралы белгілі заңгер, Alayaq.net жобасының жетекшісі Нұрсұлтан Орынбек «Сұрауы бар» Youtube-арнасына берген сұхбатында мәлімдеді.

Заңгердің айтуынша, әр адам өзінің сауаттылық деңгейін арттыруға мән бергені жөн. Себебі бүгінде көбі танымал тұлғалардың, эстрада әншілерінің желідегі айтқандарына сеніп қалып, қаржысынан айырылып жатады. Тіпті ең сенімді деген компанияларға да ақша салмастан бұрын ойлану қажет.

Алаяқтық схемамен айналысатын көп компания, пирамидалар жалған құжат дайындайды. Негізі басында дұрыс компания болып бастайды, бірақ соңында ісі өзгеріп кете салады, - дейді маман.

Бұл ретте заңгер Сәкен Майғазиев жарнамалап жүрген Alhadaya компаниясын мысал етіп, халыққа үндеу жасады.

Мен азаматтарға ескертер едім, иә, қазір оған бір қылмыстық іс те жоқ, Сәкен Майғазиев ағамыз жарнамалады. Alhadaya немесе қара зере майы деп жүрген олардың зауыты Шымкентте бар екен. Олар айтып жатыр, біздің кәсіп – бизнес, бизнеске инвестиция саласыз деп. Бірақ қазірдің өзінде пирамидаға ұқсас сипаттары көп шығып жатыр. 250 мың теңгемен кіресің, артыңнан адам тіркеген сайын 50 мың теңге. 5 адам тартқаннан кейін ақшаңды шығарып аласың, ары қарай саған табыс түсіп отырады деген секілді нақты пирадмиданың мысалдары, сипаттары шығып отыр.

Бірақ бұл – менің жеке пікірім, ойым. Әзірге ол нақты пирамида деген ресми ақпарат жоқ. Олардың құжаттарын тексеруіміз керек, біздің мемлекетте қалай тіркелгенін. Салық төлей ме? Олардың құқықтары бар ма?» - деді Нұрсұлтан Орынбек.

Сұхбаттың толық нұсқасы жоғарыдағы видеода.