Егер арал тәуелсіздігін жариялап, оны басқа елдер мойындаса, бұл соғыс ашу дегенді білдіреді, – деді Ван И
Қытай Мемлекеттік кеңесінің мүшесі, Сыртқы істер министрі Ван И Тайваньның тәуелсіздігіне қатысты тағы да ескерту жасады.
Соңғы кезде Тайваньның тәуелсіздігін жариялап, жеке-дара мемлекет болуға тиіс деген ұсыныстары жиі айтылып жатыр. Бұл әңгіме Батыс елдерінде де, аралдың өзінде де айтылып келеді. Біз мынаны ескертеміз: егер Тайвань тәуелсіздігін жариялап, оны басқа елдер мойындаймыз деп мәлімдеме жасаса, бұл аралға соғыс ашу дегенді білдіреді. Бұл Азияда бейбітшілік болмайды дегенді аңғартады, – деді ол.
Бұған дейін де Қытай Үкіметі Тайваньға қарата ескерту жасап, егемендік алуға жасалған қандай да бір қадамның арты соғысқа алып келетінін айтқан. Қытайдың ресми ақпарат құралдарының хабарлауынша, Тайвань және оны қолдаған «сыртқы күштер» «Үлкен Қытай принципін» бұзуға әрекет етіп келеді.
Биыл Қытайдың Тайваньға дипломатиялық, экономикалық және әскери қысымдары артты. Қытай әуе күштерінің ұшақтары арал кеңістігіне күн сайын кіріп, Тайвань әуе қорғаныс күштеріне қысымды күшейтті.
Қазір де ҚХР Тайваньды уысынан жібергісі келмейді. Ара-тұра аралдың Қытайға тиесілі аймақ екенін айтып, мәлімдеме жасап тұрады. Қытай Халық Республикасын құрушы коммунистік билік Тайваньды Қытайдың бір провинциясы деп санайды. Оның дербес халықаралық байланыстар жасауына қарсы шығып келеді. Тайвань билігі болса, өзін Қытайға тәуелді емес, дербес ел деп санайды.
Аралды елдің өзіндік Конституциясы, демократиялық басқару режимі, берік демократиялық жүйесі және дамыған экономикасы мен біршама қуатты армиясы бар.
Тайвань ресми түрде «Қытай Республикасы» деп аталады. 2020 жылғы халық санағында елдің халқы 23 600 903 адам болған. Жер көлемі – 35 980 шаршы шақырым. Тайваньдықтар бірнеше этникалық топтарға бөлінеді. Олардың ішінде ең көбі – хандзулар.
Тайвань – ең тығыз елдердің бірі. Батыс өңірі тығыздау болып келеді. Жергілікті халқы ханзулықтармен тауларға ығыстырылған. Тайбэй, Гаосюн мен Тайчжун деген үш ірі қаласы бар. Оларда миллионнан астам халық тұрады.
Тайваньның ресми атауы 1912 жылдың 1 қаңтарында «Қытай Республикасы» деп қабылданған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамында (1971 жылы БҰҰ Қытай Республикасының орнын Қытай Халық Республикасына берді) болған. Қазір бұл атаумен Конституция ескіргендіктен, басқа атау қабылдау керек деген әңгіме қозғалып жатыр.
Тайвань халқының 90 пайызға жуығы өзін тайвандық деп есептейді.