Halyq Uni логотип
×

«Қолшатырлық сипат»: Мәжіліс депутаты шенеуніктен дипломатиялық терминнің мағынасын сұрады

Сыртқы істер министрінің орынбасары депутаттың сұрағына жауап берді

 Дәурен Ерболат 06.12.2023 | 10:58
«Қолшатырлық сипат»: Мәжіліс депутаты шенеуніктен дипломатиялық терминнің мағынасын сұрады
Елнұр Бейсенбаев, фото: parlam.kz

Мәжілістің жалпы отырысында депутаттар Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаевадан өздері бұрын естімеген сөздің мағынасын түсіндіріп беруді сұрады, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Бүгін Мәжіліс отырысында Қазақстан Қатар мемлекеттері арасындағы инвестицияларды өзара көтермелеу және қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын талқыға салынды. Құжатты депутаттарға Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева таныстырды.

Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев заң жобасын талқылау барысында Сыртқы істер министрінің орынбасарына сұрақ қойып, бұрын-соңды естімеген дипломатиялық терминнің мағынасын түсіндіріп беруді сұрады:

- Сіз өз баяндамаңызда жақсы бір терминді келтірдіңіз. Біз мұндайды бірінші рет естідік, яғни «қолшатырлық сипатқа ие» дедіңіз. Ол қандай термин? Дипломатиялық тілде ме? Түсіндіріп берсеңіз...

Сыртқы істер министрінің орынбасары сауалға ойланып жауап берді.

Бұл – құқықтық термин. Оның мағынасы «рамочный». Тек (келісімнің) жалпы негіздері беріледі. «Детализированный» дейді. Екі тарап жобаны талқылап, басқа келісімге келуі мүмкін. Бұл – жалпы негіз бен қағидаға бағыттайтын келісім, - деді Назира Нұрбаева.

Мәжіліс депутаттарының дауыс беруі нәтижесінде аталған заң жобасы мақұлданды.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама