Елордадағы колонияда кәсіпкерлер жиі тап болатын проблемалар талқыланды

Еркеғали Болатұлы

Мұндай кездесулер өндірістің дамуына теріс әсер ететін проблемалар мен факторларды дер уақытында анықтау үшін қажет

фото: instagram/alm_almjetobl_qajd

Астана бойынша ҚАЖД №3 мекемесінің базасында 2023-2025 жылдарға арналған қылмыстық атқару жүйесі мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың Жол картасы шеңберінде кеңес өтті.

Жиынның мақсаты – өндірістік қызметті іске асыру процесінде кәсіпкерлер жиі тап болатын, өндірісті дамытуға кесірін тигізетін проблемалар мен факторларды анықтау.

Жиыннан соң Астана қаласының өңірлік кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Н. Ахметова, Астана прокуратурасының қадағалау жөніндегі прокуроры Д. Мирашев, мекеме басшылығы және әкімшілігі, сондай-ақ «Еңбек-Аршалы» РМК өкілдері мекеменің өнеркәсіптік аймағының аумағына барып, жұмыс объектілерін аралады. Сондай-ақ оларға пайдаланылмайтын объектілер, өнеркәсіптік аймақтың үй-жайлары көрсетілді.

Мұндай кездесулер өндірістің дамуына теріс әсер ететін проблемалар мен факторлардың тізімін дер уақытында анықтау, сондай-ақ одан әрі бірлескен ынтымақтастықты дамыту үшін қажет.