Вице-премььердің айтуынша, ел халқы келешекте ағылшын тілін де меңгеруі қажет
Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Сенат кулуарында журналистерге Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастап, мемлекеттік тілді ғана қалдыру туралы талаптың қажеті жоқ екенін айтты.
«Азаматтар 7 мың шақырым ортақ шекарасы бар тарихи көршімізді, орыс тілін білуі керек. Ел халқы келешекте ағылшын тілін де білуі қажет. Сондықтан мектептердегі бірнеше тілді оқыту дұрыс бағыт деп есептеймін», - дейді ол.
Сондай-ақ ол бірнеше тіл білу арқылы адамдар рухани байып, білімі толыға түсетінін атап өтті.
Бұл мәселені саясиландырмауды сұраймын, - деді сөз соңында.
Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы «Қазақстанда Конституциядан орыс тілінің ресми статусын алып тастамақ» деген ақпарат тараған болатын.