Halyq Uni логотип
×

Тоғжанов Конституциядан орыс тілін алып тастауға болмайтынын жеткізді

Вице-премььердің айтуынша, ел халқы келешекте ағылшын тілін де меңгеруі қажет

 Еркеғали Болатұлы 20.05.2022 | 16:59
Тоғжанов Конституциядан орыс тілін алып тастауға болмайтынын жеткізді
фото: inform.kz

Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Сенат кулуарында журналистерге Конституциядан орыс тілінің мәртебесін алып тастап, мемлекеттік тілді ғана қалдыру туралы талаптың қажеті жоқ екенін айтты.

«Азаматтар 7 мың шақырым ортақ шекарасы бар тарихи көршімізді, орыс тілін білуі керек. Ел халқы келешекте ағылшын тілін де білуі қажет. Сондықтан мектептердегі бірнеше тілді оқыту дұрыс бағыт деп есептеймін», - дейді ол.

Сондай-ақ ол бірнеше тіл білу арқылы адамдар рухани байып, білімі толыға түсетінін атап өтті.

Бұл мәселені саясиландырмауды сұраймын, - деді сөз соңында.

Еске сала кетсек, бұған дейін WhatsApp мессенджері арқылы «Қазақстанда Конституциядан орыс тілінің ресми статусын алып тастамақ» деген ақпарат тараған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама