Halyq Uni логотип
×

Ресей Украинада төңкеріс жасауды жоспарлап отыр – The Sun

«Майдан-3» операциясы биыл жыл соңына дейін болуы мүмкін

 Дастан Жұмабекұлы 21.11.2023 | 15:51
Ресей Украинада төңкеріс жасауды жоспарлап отыр – The Sun
Фото: Drew Angerer

Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбританияның The Sun газетіне сұхбат беріп, Ресейдің Украинада жыл соңына дейін төңкеріс жасауды жоспарлап отырғанын айтты.

Оның айтуынша, төңкеріс «Майдан-3» деп аталады. Операцияның мақсаты – Зеленскийді президент қызметінен алып тастап, оның орнына ресейшіл саясаткерді орналастыру.

Ресей «Майдан-3» операциясын биыл жыл соңына жоспарлаған. Оның мақсаты – мені президент қызметінен алып тастау. Қолда бар дерекке қарағанда, олар мені өлтірмеуі мүмкін. Бірақ президенттік орынтағымнан алып тастау үшін кез келген айла-тәсілді қолданады деп естіп жатырмын, – деді ол.

Сондай-ақ Зеленский соғыс басталғалы бері өзіне біраз қастандық жасалғанын, тіпті оның санынан жаңылып, дәл қазір неше рет өміріне қауіп төнгенін айта алмайтынын ескертті.

Газет  тілшісінің: «Егер де Украинада Путинді өлтіруге мүмкіндік болып жатса, оны пайдаланар ма едіңіз?» деген сұрағына Зеленский: «Бұл – соғыс. Украинаның өз жерін қорғаудың барлық амал-айласын қолдануға хақысы бар», – деп жауап берді.

Яғни, осы орайда Зеленский Путинді өлтіруге бір мүмкіндік болса, оны істеуге болатынын ишаралап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама