×

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – басты міндет

Бүгінде аталмыш мәселе тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті

 Динара Амантай 17.11.2023 | 17:14
Фото: Halyq Uni

Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік-экономикалық даму, нарықтық экономикалық хаб құру, инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс. Бұл туралы Ұлытау облысы әділет департаменті әкімшілік бөлімінің жетекші маманының міндетін атқарушы М.Р. Айменов айтты.

Сыбайлас жемқорлық ел экономикасының көтерілуіне үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты қауіп-катерлерінің бірі болып саналатындықтан, оның алдын алу және болдырмау үшін құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Сыбайлас жемқарлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған іс-қимыл стратегиясы» 2014 жылы 26 желтоқсанда Қазақстан Республикасы президентінің №986 Жарлығымен бекітілді. Аталған заңның мүлтіксіз орындалуы әрбір мемлекеттік мекемеде жұмыс атқарып отырған адамдарға зор жауапкершілік артатыны баршамызға белгілі, – деді М.Р. Айменов.

Оның айтуынша, осы заңда көрсетілген тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке әкеліп соқтыратын сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерді болдырмау – басты міндет.

Біз жаңа қоғамда өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл жолда жетістіктеріміз де аз емес. Ал шешімі күрделі мәселелер де бар. Ол – әлеуметтік мәселе. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе – жемқорлық. Қоғамға зор қауіп төндіріп, орасан кесел келтіретін осынау келеңсіз әлеуметтік құбылысқа қарсы шаралар қатаң қолға алынып отыр, – деді ол.

Сондай-ақ маман мемлекеттің осы жағымсыз құбылысты жою бағытындағы кешенді және жүйелі күрес жүргізу саясаты жанданып, әрі қарай жалғасын таба беретініне сенім білдірді.

Сыбайлас жемқорлықты түп-тамырымен жоюға бағытталған, жемқорлыққа мүлде төзбеушілік ахуалын қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту қажеттігін түсіне отырып, елде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудағы сот жүйесінің рөлі аса маңызды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейі қалыптасып, қоғам мен мемлекет арасында тығыз байланыс орнаған жағдайда ғана сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нәтижелі болады, – деді маман.

Бұған қоса ол бүгінде жемқорлық мәселесі тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің басқа да елдері үшін аса өзекті мәселе екенідігіне назар аударды.

Біздің елімізде бұл мәселеге қарсы күрес шаралары тәуелсіздік алған сәттен бастап мемлекеттің ең бірінші кезектегі міндетіне айналды. Жемқорлықпен күрес алдымен адами факторлардың таным-түсінігіне, рухани кемелдігіне де байланысты. Сондықтан жемқорлықпен күрес жүйелі әрі тиімді тетіктерді іске қосқанда ғана оң нәтиже бермек, – деді М.Р. Айменов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама