Жасөспірімдер әкенің үш қателігін кешірмейді – Ерұлан Құсайынов

Ербол Тұрымбет

Бұл туралы VIII Әкелер форумында айтылды

Фото: Halyq Uni

Жасөспірімдер әкелерінің үш қателігін: әділетсіздігін, әлсіздігін кешіре алмайды. Осылардың салдарынан үшіншісі, ұлы да, қызы да абыройды (авторитет – авт.) сырттан іздеп кетеді. Бұл туралы «ER Batyr – путь мужчины» бағдарламасының авторы Ерұлан Құсайынов елордада өткен VIII Әкелер форумында айтты. 

Оның сөзінше, сол авторитеттер көбіне теріс үлгі беретіндер болып шығады. Әрі сондай жағдайлар әкелер институты осал елдерде көп байқалады. 

Сайып келгенде, осындай бірнеше ұрпақтан соң балалар лидерді сырттан іздейді және ол лидер диктатор болып шығады. Қай елде авторитарлы жүйе және қай елде диктаторлар отырғанын осыдан-ақ білуге болады. Сондықтан егер біз өз елімізде әкелердің авторитетін көтеретін жұмысты қолға алмасақ, Қазақстанда да қалыптасуы мүмкін

Сонымен қатар, ол әке, ер азамат тақырыбын қаузап жүріп, қазір жүргізіп отырған бағдарламаларының қалай пайда болғанын да айтып берді. 

Менің жобаларымды марқұм Батыр Қазыбаев қолдады. Сөйтіп, Батыр, Сергей Майборода үшеуміз i-balaqai жобасын қолға алдық. Сосын Батырмен ақылдасып, үлгілі ер адамның кейпі, елдің беткеұстар азаматы қандай болу керек деген сұраққа жауап іздеп, ER-BATYR жобасы дүниеге келді, - дейді Ерұлан Құсайынов. 

Одан соң қолға алынған «Осколки» URPAQ атауымен қазақша жүріп жатыр. Оның айтуынша, жоба тек Қазақстанда ғана емес, жалпы орыстілді елдерде жақсы танымал. Бүгінде қолданушылары шамамен 10 миллиондай адам болса, қаралымы орта есеппен ай сайын 20 миллиондай болып отыр.