Halyq Uni логотип
×

«Жүзден астам ақын 8 күн айтыстық»: Қуаныш Мақсұтов айтыс өнерінің дәрежесін түсірген факторларды атады

Қуаныш Мақсұтов айтысқа діни топтардың араласқанын айыптады

 Халық үні 15.11.2023 | 11:56

Ел арасында «Сары тентек» атанып кеткен белгілі айтыскер, сазгер, қоғам қайраткері Қуаныш Мақсұтов сұқбат беріп, қазіргі айтыс өнерін «жаттандылық» жайлағанын, бұрынғыдай суырыпсалмалық жоқтығын айтты.  

Биыл 60 жасқа толған Қуаныш Мақсұтов айтыс өнеріне кері әсер ететін факторларды тізіп берді.

«Айтысты бұзған – ақындардың өздері. Ақындық дәстүрді сақтай алмады. Біз – жүзден астам ақын 1990 жылы Алматыда өткен (Әуезов атындағы академиялық театрда) ІІІ республикалық айтыста 8 күн айтыстық. 1987 жылы Қызылорда өткен айтыста 60 астам ақын жеті күн айтыстық. Заман ауысты, басқару құрылымы ауысты, жаңа мемлекет пайда болды. Осы ауыс-түйіс кезінде аңырап қалған елмен бірге айтыс та дағдарып қалды. Бұрын әр ақын өз аймағының намысын қорғайтын. Қазір ақындар сахнада терлемейді де. Мектеп бітірмей, көлік мініп жатқандарды да көріп жүрміз. Айтыстың сәні – сахнада суырып салу, қазіргідей жаттап алып айтысу емес», - дейді ақын.

Қуаныш Мақсұтов айтысқа діни топтардың араласқанына тоқталды.

«Бір кездерде ақындар азая бастады, айтыс сиреді. Қолдау азайды. Айтысты қорғаймыз деп көп адам ішіне кірді. Сол кезде айтыс саяси топтардың, діни топтардың және трайбалистік топтардың қызметшісіне айналды. Діни топтар көп ақшамен келді. Олар – сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауын алып жүргендер. Келді де, айтыстың күл-талқанын шығарды. Ақындардың 90%-ы намаз оқып кетті. Енді келіп «Біз теріс діни ағымдардан тазартамыз» деп жатыр. Қайдан тазартасың, олар айтыстың ішінде жүр?!», - деді Қуаныш Мақсұтов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама