×

«Ресейге талабым бар!»: Молдова президенті батыл қадамға барды

Қазір Приднестровьеде РФ-тың 2 мың сарбазы мен әскери техникасы бар

 Дастан Жұмабекұлы 19.05.2022 | 14:55
фото: ашық дереккөз

Молдова президенті Майя Санду Приднестровьеден Ресей әскерлерінің шығуын талап етті.

Ол Еуропарламентте Ресейге үлкен талабы бар екенін, Приднестровьедегі РФ әскерлерінің Молдованың бейтарап ұстанымын бұзып отырғанын, сол себепті шетелдің қарулы күштерінің елдің аумағынан шығып кетуі керек деген пікірін айтты.

Өз қарулы күштерінің соғыс дайындығы өте нашар әрі саны бола тұра мұндай мәлімдемені жасау үшін батылдық керек. Әрі Украина мен Ресей арасында соғыс болып жатқан кезде Путинге қарата мәлімдеме жасау да оңай шаруа емес.  

Приднестровье (Днестр жағалауы, - ред.) - өткен ғасырдың 90-жылдары Ресейдің қолдауына ие болып, өз-өздерін Республика деп жариялаған құрылым. Ол сепаратистердің бас көтеруімен Молдовадан бөлініп, жеке мемлекет болуыға ұмтылған.

1992 жылы Молдованың Днестр өзенінің оң жағалауында орналасқан жеріне Ресей «бітімгершілік күшін» кіргізген болатын. Содан бері РФ-тың әскері Приднестровьеде қалып қойған. Қазір ол жерде Ресейдің 2 мың сарбазы, әскери техникасы бар.

Украинадағы соғыс басталғаннан кейін сарапшылар Ресей бұл аймақты Украинаның батысынан шабуыл жасауға пайдаланады деген болжам айтуда. Соған сылтау ретінде жарылыстар мен террорлық әрекеттер жасап жатыр дейді. Приднестровьеде ең үлкен жарылыс 25 сәуір күні болған. Онда үш бірдей жарылыс болды.

Осыған байланысты ресейлік генерал Рустама Миннекаев Ресей армиясының Украинаның оңтүстігін бақылауға алуы Приднестровьеге жол ашып беретінін айтып, сол себептен Молдоваға «орыстілділердің қудаланып жатқаны» үшін ескерту жасаған болатын.   

Миннекеевтің бұл сөзін Молдова билігі жоққа шығарды. Ал Приднестровье халқы ресейлік генералдың «қандай қысым туралы» айтып тұрғанынан мүлде хабарсыз болып шықты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35

Алматыда студент жарылғыш құрылғы жасырылғаны туралы 4 рет хабарлама жіберген

Дәлелдемелерді ұсынғаннан кейін ол өз кінәсін мойындады
21.03.2023 | 16:39

Асыл тұқымды тазы өсіруші президентке тазының күшігін сыйлады (ВИДЕО)

Мемлекет басшысы тазы иттердің көрмесін тамашалады
21.03.2023 | 15:44