Halyq Uni логотип
×

Қатқан нан, салқын тамақ: мектеп асханасына қатысты шағым жасалды

Балалар оны жей алмаса, пісіргеннен не пайда? – дейді ата-ана

 Еркеғали Болатұлы 15.11.2023 | 09:58
Қатқан нан, салқын тамақ: мектеп асханасына қатысты шағым жасалды
фото: smi24.kz

Алматы облысының Қараой ауылында ата-аналар мектеп асханасының қызметіне шағымданды. Айтуыларынша, мұнда қатып қалған нан береді. Ал ұсынылатын тағам жиі салқын әрі иісі біртүрлі болады екен. Бұл туралы 31 арна хабарлады.

Ата-аналардың айтуынша, балалар негізгі тағамнан тіпті бас тартады.

Бұл тегін тамақ екенін түсінемін. Бірақ, кешіріңіз, балалар оны жей алмаса, пісіргеннен не пайда? Мемлекет сол үшін қаржы бөліп отыр! Сіз тендерді ұтып, сол үшін ақша алдыңыз. Неліктен біздің балаларымызға мұндай көзқарас көрсетеді? – деді ата-ана Вероника Балғабаева.

Оның үстіне асханада шыбын толы көрінеді. Ата-аналар жәндік кездейсоқ тағамның «құпия ингредиентіне» айналуы мүмкін деп қорқады.

Сыртта суық, мұнда жылы. Есіктер ашық тұрады. Біз бұл шыбындармен әр ауысым, әр қоңырау сайын күресеміз. Қыздар менің сөзімді растайды. Бірақ есік ашық болғандықтан олар кіреді, - деді жалға алушы Жанна Гречкина.

Мектеп директоры жалға алушылардың тендерді бір ай бұрын ғана жеңіп алғанын айтты. Ол балалардың жаңа ас мәзіріне әлі үйренбегенін алға тартып отыр.

«Балаларға уақыт керек деп есептеймін. Қазіргі жалға алушылар мұнда ұзақ уақыт жұмыс істеген. Балалар тамақтарына үйреніп қалды. Бірақ күн сайын таңертең комиссиямен бірге біз барлық тағамдарды тексереміз, бәрі қатаң түрде, мәзірге сәйкес», – деді директор Ербосын Кәрімов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама