×

«Нәжістің иісі шығады»: Екібастұз су шаруашылығы мекемесі шағымға жауап берді

Ауыз судың сапасын кәсіпорынның аккредиттелген химиялық зертханасы сағат сайын бақылайды

 Еркеғали Болатұлы 12.11.2023 | 09:30
фото: vodaiceberg.ru

Екібастұзда тұрғындар әлеуметтік желіде кран суының жағымсыз иісі мен дәміне шағымдануда. Бұл туралы Instagram-дағы ekibasvteme парақшасында жазылды.

Тұрғындар жергілікті парақшаға жарыса шағымдарын жазып, лас судан зиян шегуге қорқатындарын айтқан.

Өте сасық, құрамында фенол болуы мүмкін», «Судан шіріген иіс шығады», «Киімімді жусам, бәріне дәрі сияқты жаман иіс сіңіп қалған. Шыдау мүмкін емес», «Судан нәжіс пен кәріздің иісі шығады, – деседі жұрт.

Алайда қалалық су шаруашылығы мекемесі жағдайға қатысты түсінік беіп, судың жақсы екенін жеткізді.

Әлеуметтік желіде Екібастұздағы ауыз судың сапасыздығы туралы тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Ауыз судың сапасын кәсіпорынның аккредиттелген химиялық зертханасы сағат сайын бақылайды. Судың сапа көрсеткіштері санитарлық нормаларға сәйкес келеді.

Сонымен бірге, Қылмыстық кодекстің 274-бабында жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік белгіленгенін ескертеміз», - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама