Halyq Uni логотип
×

Баходир Жалолов қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты

Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуамен айқасқым келеді, - деді ол

 Дастан Жұмабекұлы 08.11.2023 | 15:19
Баходир Жалолов қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты
Фото: Сали Сабиров

Өзбекстанның аса ауыр салмақтағы боксшысы Баходир Жалолов 2024 жылғы Париж Олимпиадасынан кейін қайтып кәсіпқой боксқа ауысатынын айтты.

Ол Париж Олимпиадасының чемпионы атанғаннан кейін Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуа секілді кәсіпқой бокстағы әлем чемпиондарымен қолғап түйсіргісі келетінін мәлімдеді.

Менің алдағы мақсатым – Олимпиаданың екінші алтын медалін жеңіп алу. Одан кейін кәсіпқой боксқа қайтып ораламын.  Александр Усик, Тайсон Фьюри, Энтони Джошуамен айқасқым келеді. Мен олармен бокстасуға  дайынмын, – деді Жалолов vRINGe.com сайтына берген жауабында.

Баходир Жалолов кәсіпқой бокстағы үзілістен кейін 17 қарашада Ташкентте оңтүстікафрикалық Крис Томпсонмен жұдырықтасады. 

Еске сала кетсек, Жалолов 2020 жылы Токиода өткен Олимпиялық ойындардың чемпионы атанған. 2017, 2019, 2021 жылдары Азия чемпионы болған. 2019, 2023 жылдары әлем чемпионы, 2022 жылы Азия ойындарын жеңіп алған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама