Ресейдің Украинаға соғысы НАТО-ны күшейтіп жіберді
Швеция мен Финляндия елдері Солтүстік Альянсқа мүше болуға құжаттарын тапсырып қойды

Ресейдің Украинаға соғысы НАТО-ның өз құрамын күшейтіп жатыр. Бұл туралы Солтүстік Альянстың бас хатшысы Йенс Столтенберг айтты.
Оның айтуынша, Путин бастаған Украина халқына қарсы соғыс НАТО-ны нығайтып берді. Ол ұйымды бұрынғы алауыздықтан арылтып, барлық лидерлерді агрессор-мемлекетке қарсы бірігіп күреске біріктірді.
Путинннің бассыз әрекеті НАТО-ның дамуы мен кеңейе түсуіне оң ықпал беріп отыр. Енді Солтүстік Альянсқа мүше болуға Швеция мен Финляндия елдері талпынып, құжаттарын тапсырып та қойды. Ресейдің өз бетімен Украинаға басып кіруі Альянсқа жаңа тыныс-тіршілік алып келді. Қазір НАТО әскери тұрғыда қуатты етіп ұйым болып тұр, – деді ол.
Қазір НАТО-ға мүше елдер Украинаға барынша көмек беріп жатыр. АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Украинаға қолдау көрсету үшін барын салып, Ленд-лиз туралы заңға қол қойды. Мұндай құжатқа Құрама штаттар президенттері Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қол қоймаған еді.
Ленд-лиз дегеніміз (ағылшынша lend-lease; lend – қарызға беру – lease жалға өткізу) – АҚШ-тың Екіншідүниежүзілік соғыс жылдарында одақтастарын қару-жарақ, оқ-дәрі, стратегиялық шикізат, азық-түлік пен басқа да тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді қарызға немесе жалға беруі.
Осы құжатқа АҚШ Конгресі Байденге дейін соңғы рет 1941 жылы 11 наурызда қол қойған болатын. Енді осы заңға сәйкес, қару-жарақ келетін болса, укарин қарулы күштері жаз айларында қарсы шабуылға шығып, Ресей әскерін шекарадан асырып, қуып тастайды деген мәлімет бар. Сондай-ақ, Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылу туралы өтініш беруі Украинаға үлкен көмектің бірі болды.
АҚШ-тың халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесінің аға ғылыми қызметкері Макс Буттің пікірінше, Финляндия мен Швецияның альянсқа қосылуы Украинаға жеңісті жақындататын оқиға.
НАТО оларды өзі қайырымдылық көмек көрсету үшін қабылдап жатқан жоқ. Олардың өздерінде де Ресейдің агрессиясын ұстап тұратын, айтарлықтай қабілет көрсете алатын қаһарлы күш бар, – деді ол.
Бұған дейін Скандинавия елдерінің Альянсқа мүше болып қабылдануына НАТО-ның тағы бір елі – Түркияның қарсылық білдіріп отырғаны хабарланған еді. Кейін АҚШ Ердоғанды көндіруді өз мойнына алатынын баяндады.
Қазір НАТО құрамында АҚШ (1949 жылдан), Албания (2009), Бельгия (1949), Болгария (2004), Венгрия (1999), Германия (1955), Грекия (1952), Дания (1949), Исландия (1949), Испания (1982), Италия (1949), Канада (1949), Латвия (2004), Литва (2004), Люксембург (1949), Солтүстік Македения (2020), Нидерланд (1949), Норвегия (1949), Польша (1999), Португалия (1949), Румыния (2004), Словакия (2004), Словения (2004), Түркия (1952), Ұлыбритания (1949), Франция (1949), Хорватия (2009), Черногория (2017), Чехия (1999), Эстония (2004) мемлекеттері бар.
Осылардың арасындағы Албания, Болгария, Венгрия, Польша, Румыния, Чехословакия елдері бұрын Варшава келісімшарт ұйымының мүшелері болған.