Halyq Uni логотип
×

Путин Алтын Орданың саясатын қолдады (ВИДЕО)

Ресей президенті орыс халқының Алтын Орда хандығының арқасында аман қалғанын мойындады

 Дастан Жұмабекұлы 05.11.2023 | 15:50
Путин Алтын Орданың саясатын қолдады (ВИДЕО)
Фото: rtvi.com

Ресей президенті Владимир Путин  РФ халқының бірлігі күні қарсаңында Қоғамдық палата өкілдерімен кездесіп, Алтын Орда мемлекеті мен оған бағынышты Орыс князьдіктері арасындағы қарым-қатыныс туралы айтты.  

Әңгіме кезінде Путин өзін орыс князі Александр Невскиймен теңестіріп, сыртқы саясаттағы сәтсіздіктерінің бәрін ақтап алуға тырысты.

Новгородтың князі Александр Невский заманына келсек, ол Алтын Ордаға бекерден бағынған жоқ. Ол Алтын Ордаға басыбайлы бағынатынын айтып, князь қызметін алды. Енді оның саясатына қараңыздаршы: Александр Невский князь болған соң, Батыс әскеріне қарсы тұрып, орыс халқын аман алып қалды. Әрине, ордалықтар жергілікті халыққа аса қатал болды.  Бірақ олар біздің тілімізді, салт-дәстүрімізді, мәдениетімізді жойған жоқ. Ал Батыстың отарлаушылары болса, керісінше, орыс халқын тілімен, салт-дәстүрімен, мәдениетімен қоса жойғысы келген.

Міне, мәселе қайда жатыр?! Егер ұлттың тарихы, салт-дәстүрі мен мәдениет болмаса этностың өзі түбімен жойылып кетеді. Көктемде күн жылынған кездегі қар сияқты еріп кетеді. Сондықтан біз неге Александр Невскийді қасиетті адам деп санаймыз? Біз неге оны пір тұтамыз? Өйткені, оны осы саясаты үшін, осы ұстанымы үшін сыйлаймыз, құрметтейміз. Ол Алтын Ордаға бағынып, орыс халқы мен басқа да халықтарды сақтап қалды. Қазір біздің елде сол жағдай қайталанып жатыр. Біз Батыстың саясатына қарсы тұрып, өз тілімізді, мәдениетімізді, тарихымызды сақтағымыз келеді, –  деді ол.

Ресейде Путиннің бұл мәлімдемесімен келіспей жатқандар да бар. Мысалы, блогер Анатолий Несмиян Путиннің шындыққа еш жанаспайтын псевдотарихи мәлімдемесін «түкке тұрғысыз сандырақ» деп атады. Ол, біріншіден, Новгородтың князі Александр Невскийдің Алтын Орда ханы Бату шапқыншылық жасағаннан кейін оған бағынуға мәжбүр болғанын айтты. Екіншіден, бірнеше жеке князьдіктерден құралған орыс жерінде ол кезде ешқандай да Ресей болған жоқ. Сондықтан ол барлық князьдіктердің амандығына кепіл бола алмайтын еді.

Тарихқа жүгінсек, 1237-1238 жылдардың қысында Бату армиясы Рязань, Владимир, Суздаль князьдіктерін талқандап шығады. Бірақ Новгородқа дейін жетіп үлгермейді. Себебі, сол кезде жасы он алтыдағы, кейін Невский атанатын Новгород билеушісі Александр Ярославович оған өзі барып, дәргейіне жағылып, бағынышына кіреді.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама