×

Қазақстан әлемдік рейтингте жемқорлық жайлаған елдер қатарында тұр

Өзбекстанда бізге қарағанда жемқорлық аз

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2023 | 14:41
фото: Halyq Uni

Қазақстан жемқорлық бойынша әлемдік рейтингте ең нашар елдердің қатарына енді.

Сонымен, қазір жемқорлықтан таза елдер рейтингінде 87 елдің ішінде тек 75-орынға тұрақтап отырмыз. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, Қазақстан Гватемала мен Кения арасында тұр.

Ал Өзбекстанда Қазақстанға қарағанда жемқорлық аз, 68-орында. Сонымен қатар, Украина 48-орын алса, Әзербайжан 62-орынға жайғасты. Ал Ресей рейтингте ең соңғы орында, оның алдында – Иран.

Жемқорлық өте аз елдердің алғашқы ондығына Швейцария, Канада, Швеция, Австралия, Нидерланды, Дания, Финляндия, Жаңа Зеландия, Бельгия және Норвегия кіреді.

Зерттеу барысында 17,5 мың адамнан сауалнама алынған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама