Halyq Uni логотип
×

Түркия президенті түркі елдеріне ортақ әліпби жасауды ұсынды

Түркі елдері арасындағы байланысты нығайтуда тіл мәселесі маңызды

 Еркеғали Болатұлы 03.11.2023 | 14:30
Түркия президенті түркі елдеріне ортақ әліпби жасауды ұсынды
фото: mk-turkey.ru

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған бүгінгі Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті барысында түркі елдерінің біртұтас әліпбиін жасауды ұсынды.

Оның айтуынша, түркі елдері барлық мәселелерде, соның ішінде гуманитарлық салада да ынтымақтастықты нығайтуы қажет. Бұл ретте түркі елдері арасындағы байланысты нығайтуда тіл мәселесі маңызды.

Бірлігіміз үшін ортақ әліпби сияқты тілдің де маңызы зор. Президенттердің қолдауы да өте маңызды. Біздің жоғары білім беру кеңесі ұйымдардың хатшылығына өз ұсыныстарын берді. Бұл жоғары бағаланады деп үміттенеміз, - деді Ердоған.

Сондай-ақ ол жаһандық дағдарыстарға қарсы тұру үшін түркі елдерінің бірге болуы керектігін баса айтты.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама