Оның айтуынша, келісім екі жаққа да тиімді болу керек
РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Ресейдің Украинамен келіссөзге дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан X Сяншань форумында айтты, деп хабарлады rbc.ru.
Ресей Украина дағдарысынан кейінгі жағдайды реттеп, Батыс елдерімен ынтымақтастықты қайта нығайтуға дайын. Жалпы, біз саяси пікірталасқа дайынбыз, – деді ол.
Оның айтуынша, келіссөздер екі жаққа да тиімді болу керек. Екі жақ проблеманы шешу үшін бәріне шынайы қарауға тиіс.
Сонымен бірге ол әлемдегі ядролық қару бар мемлекеттер бір-біріне құрметпен қарап, дүниежүзінде көпполярлы әлем құру үшін халықаралық қауіпсіздік мәселесін қайта қарау керектігін айтты.