×

Спорт комитетінің төрағасы: «Қазақстан - кім көрінген азаматтық алатын ел емес»

Комитет төрағасы шетелдіктердің бәрі азаматтық алмайтынын айтты

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 17:53
фото: ашық дереккөз

Ресей мен Беларусь елдерінің спортшылары Қазақстан азаматтығын алу үшін өтініш беріп жатыр.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев айтты.

Бұл елдердің спортшылары  Батыс мемлекеттерінің санкцияларынан Олимпия ойындарына қатыса алмайды. Сол себепті жазғы және қысқы спорт түрлеріне қатысатын шетелдіктер Қазақстанның азаматтығын алуға талпынуда.

Спорт және денешынықтыру істері комитетінің төрағасы Самат Ерғалиев айтуынша, қазірдің өзінде Ресей мен Беларусьтен көптеген өтініштер түсіп отыр.

«Біз бұл шетел спортшыларының бәріне азаматтық бере алмаймыз. Біздің ұлттық құрама командаларымыздың нақты жоспары, алға қойған мақсат-міндеті бар. Мысалы, бокс, күрес түрлерінен легионерлерді ала алмаймыз. Өйткені, өзімізде спорттың осы түрлерінен жарыстарға қатысатын отандастарымыз жетіп артылады. Ал басқа спорт түрлеріне легионерлерді алуға болады. Олар жергілікті спорттың дамуына үлес қоса алады. Әзірше, Қазақстан азаматтығын алғысы келген шетелдіктер арасында Олимпиада мен әлем чемпионаттарында айтарлықтай жетістік көрсеткен споршылар жоқ. Қазақстан кім көрінген азаматтық алатын ел емес», - деді ол.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Ресей спортшылары соғысқа қарсы шықса ғана жарыстарға жіберіледі – ХОК

Мұндай жеңілдік қауіпсіздік қызметімен байланысы бар спортшыларға берілмейді
29.03.2023 | 13:11

Ерлан Қошанов Мәжіліс төрағасы болып сайланды

Депутаттар Ерлан Қошановтың кандидатурасын қолдады
29.03.2023 | 12:41

Тәжікстанда Украинадағы соғыста қаза тапқан азамат жерленді

Ислом Саидмуродовтың артында 3 баласы қалды
29.03.2023 | 12:22

Атырау облысында заңсыз ауланған 417 келі бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіп жатыр
29.03.2023 | 12:12