×

Украина-Ресей соғысы: Ольховка селосында екі-ақ адам тірі қалды

«Мир көшесіне «Русский мир» келді», – деген ойға батады журналист

 Дастан Жұмабекұлы 17.05.2022 | 15:00
фото: Алексей Барановский

Ресей әскері Украинаның Харьковтан шегіннен кейін қаланың түбіндегі Ольховка селосында екі-ақ адамның тірі қалған.

Бұл туралы Беларусьтің Belsat агенттігі хабарлады.

Материалда:  «Наталья Юрьевна (суретте) – Ресей оккупациясынан кейін Ольховкада тірі қалған екі адамның бірі. Қазір ол осы маңдағы бар мысықты тамақтандырып жүр екен. Ал өз үйінде газды пеш істемейді, басқыншылар қиратып кеткен. Сондықтан даладан ағаш теріп әкеп, жағып отыр», - деп «ВотТак» порталының тілшісі Алексей Барановский жазған.

Одан кейін ол әлі Харьков облысының солтүстігінде кескілескен шайқастың болып жатқанын, Украин армиясы біртіндеп Ресей басқыншыларын ығыстырып, мемлекеттік шекараға қарай жақындатып қалғанын  айтқан.

Бұдан бір ай бұрын Ольховка жаудың қол астында болып еді. Оны украин әскерлері сәуірдің басында басқыншылардан босатты. Алайда, арада бір ай өткенімен, село сол кездегідей қаңыраған күйінде тұр, – деді ол селоға келгенде.

Әрі қарай ол селоны аралап, Ольховкадан шыға берістегі автожолдың бойында Ресейдің қирап қалған екі бронетранспортері көреді. Осыны байқаған тілші олардың біріндегі Z деген свастикалық белгілі украин әскерлері өздерінше үстінен өзгертіп қойғанын, енді ол «Zov Kobzona» болып оқылатынын айтады.

«Қираған машиналардың арғы жағынан бірден Мир көшесі басталып кетеді. Көшенің екі жағындағы үйлерлердің ештеңесі қалмаған. Шашылған тастардан, шыны сынықтарынан, иілген темірлерден, ағаш қиындыларынан аяқ басып жүру мүмкін емес. «Мир көшесіне «Русский мир» келді», – деген ойға батады ол.

Астан-кестеңі шыққан ауылды аралай жүріп журналист үйлердің бірінің ауласынан селода тірі қалған екінші адамды кездестіреді. Онымен танысып, атын біліп алады. Оның аты – Виктор екен. Тілшіге ол қабағы түсіңкі болып көрінеді.  Оның жанында үш шетелдік журналист тұр екен. Бұдан кейін ол  чех журналисі Ленчамен бірге елді мекенді аралап, оның әбден қиратылғанына көз жеткізеді.

Міне, саған «Орыс әлемі», ол өзінің қандай екенін Украинаның барлық жерінде толық көрсетіп болды, – деді ол селодан шыға берісте.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама