×

Кадыров Ердоғанның украиндарды құтқару ісіне қарсы шықты

Шешен лидері Түркияны тағы айыптады

 Дастан Жұмабекұлы 16.05.2022 | 17:28
коллаж: Halyq Uni

Шешен Республикасының басшысы Рамзан Кадыров Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған мен оның әкімшілігіне «Азовсталь» зауытында ерлікпен шайқасып, қорғаныс шебін ұстап тұрған украин сарбаздарын құтқаруға болмайтынын айтты.

Үндеуді ол өзінің Telegram-дағы Kadyrov_95 арнасында жолдады.

Түркия президентінің әкімшілігі «Азовсталь» зауытының жертөлелерінде жасырынып жатқан  «ұлтшылдарды» құтқару туралы ұсыныстарын айтқан екен. Мен мұсылман еліне құрмет көрсете отырып, «Азовсталь» полкын «фашистік-ұлтшыл» бағыттағы қарулы күш деп санаймын. Олар Донбаста бейбіт халықты қырған. Бұл адамдар «Азовсталь» зауытының жертөлелерінде бейбіт азаматтарды әдейі ұстап, өздері солардың арттарында тығылып отыр. Осы қарулы топтың мүшелері Украинаның өзінде де шетелде де Ислам құндылықтарына қарсы шығып, асыл дінімізді талай рет мазақ еткен.

Ресейдің мұсылман қауымы Түркияның Украинаға «Байрактарды» бергені үшін әлі күнге дейін өкпелі. Ал егер түріктер «Азовстальдан» украиндардың қалған полкын құтқаратын болса бізге Анадолы елін айыптаудан басқа шара қалмайды. Біз үшін ол кәдімгі соққы болады. Сондықтан мен Түркияның президенті Ердоғанға үндеу жолдағым келеді. Азовшылар – Құдайдан безгендер, адам өлтірушілер. Өздерің алданып қалмаңдар. Олар сендерді пайдаланып, тиісті жаза мен сот үкімінен жалтарғысы келеді, –  деді ол.

Кадыровтың бұл үндеуін ресейліктер жаппай қолдап жатыр. Арасында оған қарсы пікір жазып жатқандар да бар. Ал Түркия президентінің әкімшілігі шешен лидерінің үндеуіне әзірге жауап берген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама