Halyq Uni логотип
×

«7-20-25» төңірегіндегі жемқорлық дауы: Ұлттық банк мәлімдеме жасады

Бағдарламаға өзгеріс енгізу жоспарда жоқ

 Дәурен Ерболат 12.10.2023 | 15:27
«7-20-25» төңірегіндегі жемқорлық дауы: Ұлттық банк мәлімдеме жасады
көрнекі фото: Halyq Uni

Ұлттық банк «7-20-25» бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайға қатысты жауап берді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Айта кетейік, Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналғанын мәлімдеді. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бағдарламаға Ұлттық банк жауап беретінін айтты.

Екінші деңгейлі банк қызметкерлерінің заңсыз қызметі туралы белгілі болса, онда бұл ақпаратты тексеру үшін қаржы ұйымдарының қызметін бақылап, қадағалайтын, сондай-ақ қаржы қызметін тұтынушылардың құқығын қорғайтын уәкілетті орган – Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне жіберу қажет. Олар мұны тексеріп, тиісті шаралар қабылдайды, - делінген Ұлттық банк мәлімдемесінде.

Сондай-ақ Ұлттық банк «Қазақстанның орнықтылық қоры» АҚ-мен (бағдарлама операторы) бірлесіп, «7-20-25» бағдарламасын іске асыруды жалғастырып жатқанын жеткізді.

2023 жылдан бастап бағдарламаны қаржыландыру тәртібі өзгерді: жыл сайын оған 100 млрд теңгеге дейін бюджет бекіту көзделген. «7-20-25» бағдарламасының жыл сайынғы бюджетін біркелкі игеру үшін берілген қарыздар бойынша талап ету құқығын банктерден сатып алуға жұмсалатын қаражат тоқсан бойынша бөлінеді. Бұл тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтардың жылдың қай мезгілінде болмасын ипотека алуына септігін тигізеді, - делінген хатта.

Бұдан бөлек, жеңілдетілген ипотекамен азаматтарды көбірек қамту үшін бағдарламаны іске асырудың кей шарттары қайта қаралған.

Атап айтқанда, бір қарыз алушы бағдарламаға бір реттен артық қатыса алмайды. Тоқсан сайынғы қаржыландыру лимитін қайта қарау, сондай-ақ бағдарламаны қаржыландыру тәртібін өзгерту қарастырылмады, - деп жазылған хатта.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама