Halyq Uni логотип
×

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотеканың парамен берілуіне кім кінәлі? - Үкімет жауап берді

Бүгінде 600 мың қазақстандық баспана кезегінде тұр

 Дәурен Ерболат 11.10.2023 | 15:55
«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотеканың парамен берілуіне кім кінәлі? - Үкімет жауап берді
фото: автор

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова депутат Дәулет Мұқаевтың «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналды деген мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан соң журналист вице-премьерден «депутат Дәулет Мұқаев қазақстандықтардың «7-20-25» бағдарламасына ілігуі үшін пара беріп жатқанын айтты. Әлеуметтік секторға сіз жауап бересіз. Бұл Үкіметтің әлсіздігі ме, қай жерден қате кетті?» деп сұрады. Ал Тамара Дүйсенова Үкімет өз міндетін орындап жатқанын жеткізді.

Қазір «7-20-25» бағдарламасы бойынша Ұлттық банк жұмыс істейді. Бүгінде 600 мың адам үй кезегінде тұр. Оларға мемлекет тарапынан сатып алуға, жалдауға берілетін үйлер бар. Жыл сайын Үкімет бұл мәселені шешіп жатыр. Кезек бойынша баспана аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға, жетім балаларға және мүмкіндігі шектеулі жандарға, мүгедек балаланы асырап отырған отбасыларға қарастырылған, - деді Үкімет басшысының орынбасары.

Еске сала кетсек, бұған дейін депутат «7-20-25» бағдарламасы жемқорлықтың ортасына айналды деп мәлімдеме жасаған болатын.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама