Halyq Uni логотип
×

Реформа жүргізуге кедергі жасайтын «Ескі Қазақстанның» өкілдері билікте отыр – Бақытжан Базарбек

Ол заңға түзету енгізуді қолға алмақ

 Ербол Тұрымбет 06.10.2023 | 19:21
Реформа жүргізуге кедергі жасайтын «Ескі Қазақстанның» өкілдері билікте отыр – Бақытжан Базарбек
Фото: Halyq Uni

Мәжіліс депутаты, заңгер Бақытжан Базарбектің айтуынша, тәуелсіз адвокатура тәуелсіз сот жүйесінен басталады. Алайда сот жүйесі атқарушы билікке тәуелді болып тұрғанда, әкімдер судьяға телефон соғып қысым көрсетіп тұрғанда, сот отырыстары айыптау жағына бейім болып тұрғанда біз тәуелсіз адвокатураға жету мүмкін емес. Бұл туралы ол VII Қазақстандық халықаралық адвокаттар форумында айтты.

Оның сөзінше, Қазақстандағы сот жүйесінде Кеңес одағы дәуірінің архаизм дәстүрінің сарқыншақтары сақталған. Оны әрбір ел өз бетінше өтіп жатыр. Көрші елдердегі әріптестер оны ауыртпалықсыз өткен болуы мүмкін. Қазақстан да сол жолдан өту керек. Бірақ оның қиындықтары бар. Өйткені билікте түрлі реформаға кедергі келтіретін «Ескі Қазақстанның» өкілдері отыр.

Бізде Жоғарғы сот кеңесі бар. Судья мантиясын кигісі келетін үміткерлер содан өтеді. Сол кеңесте Бас прокурор неғып отырғанын түсінбеймін. Онда Жоғарғы Сот төрағасы қайдан жүр? Егер тәуелсіз сот жүйесін құрамыз десек, онда олар болмауы керек. Олардың орнына басым бөлігі заңгерлер, адвокаттар кіруге тиіс, - дейді ол.

Екіншіден, оның пайымынша, адвокатура бұрынғы күштік құрылым өкілдері үшін қосымша «аэродром» болуы керек. Өйткені қызметтен кеткеннен кейін олардан мықты адвокат шығуы мүмкін. Сондай-ақ бүгінде өзекті болып тұрған жайттардың бірі – адвокаттар арандатушылық пен қысымға түспеуі керек. Депутат алдағы уақытта осы мәселелерге байланысты заң шығарушы жұмыс тобының аясында заңға тиісті түзету енгізуді қолға алмақ.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама