Nobel Fest: Жерден тыс өмір бар ма? – ғалымның жауабы
Ғалымдар жоғары қабаттағы сағаттар төмен қабаттағы сағаттарға қарағанда жылдам жүретінін анықтаған
Астанада өтіп жатқан Nobel Fest 2023 фестиваліне Аризона университеті жерді және ғарышты зерттеу бөлімінің негізін қалаушы профессоры және Origins жобасының құрметті директоры Лоуренс Краус арнайы келді, деп хабарлайды Halyq Uni.
Ол фестиваль тыңдаушыларына жерден тыс өмір туралы айтты.
Мен көрінбейтін ғалам туралы айтқым келеді. 100 жыл бұрын ғаламның суреті мүлдем басқа болатын, мәселен Андромеда галактикасын алайық. 100 жыл бұрын бір галактика туралы ғана білген едік, біз үшін бүкіл ғалам сол болатын. Көпшілік солай ойлайды. 2003 жылы хаббл телескопы ойлап шығарылғаннан кейін одан басқа да, көптеген галактика барын белгілі болды. Қазір біздің білуімізше 1 млрд-тан артық галактика бар. Бұл тек бізге белгілісі. Яғни ғалам бейнесі бір ғасырда қанша өзгергенін көріп отырмыз. Оған дейін ғаламның мұншалықты үлкен екенін білмедік, - деді ғалым.
Сондай ақ ғылымның көмегімен бұрынғы өткен галактикаларды да көруге болатынын атап өтті.
Джеймс Вебстің телескопы арқылы бұрынғы уақыттағы галактикаларды көре аламыз. Күн 4,5 млрд жыл бұрын құрылған. Джеймс Вебстің жаңа суреті бар, онда жұлдыздар мен оның айналысындағы массаларды көруге болады. Ол Күн жүйесі, планеталардың бастама нүктемелері болуы мүмкін. Біз алыс орналасқан жұлдыздардың айналасында мыңдаған планеталарды көріп отырмыз, - деп толықтырды сөзін.
Бұған қоса, ғалым уақыт қуаты туралы пікірімен бөлісті.
Швейцарияда болсаңыздар онда уақыт өте маңызды, пойыздан бастап барлығы өз уақытымен жүреді. Энштейн 1905 жылы біздің уақыт жүйесі мен кеңістігі туралы ойымызды мүлдем өзгертті. Уақыт біз біз ойлағандай емес, барлығына бірдей жүрмейді. Ол эмоция мен көңіл күйіңізге байланысты. Мысал ретінде ол уақытты пойызбен салыстырады. Егер ол жылдам жүрсе, уақыт та тез өтеді. Менің қазіргі уақытым сіздердің қазіргі уақытыңыздан тез. Яғни біреу менің қасымнан жүгіріп өтсе, оны сол кездегі уақыты басқа адамның уақытынан өзгеше болады. Егер сіздің жылдамдығыңыз баяу болса, басқа адаммен салыстырғанда өмір сағатыңыз баяу болады. Бұдан уақыт бақылаушының жағдайына байланысты деген қорытындыға келеді, - деді Краус.
Сонымен қатар, ғалым Гарвард университетінде жүргізген эксперименті туралы айтты. Ғалымдар жоғары қабаттағы сағаттар төмен қабаттағы сағаттарға қарағанда жылдам жүретінін анықтаған.
Егер спутник GPS-ті алсақ қозғалыс траекториясына өте сезімтал болып келеді. Жерден 20 мың миль қашықтықта бола тұра, жерді айналады. Сіздің сағатыңыз немесе GPS-іңіз қазір орбитадағы кейбір спутникпен тығыз байланысты, олар сигналды түзетіп отырады. Бұл сағат 38 микросекундқа жылдам, біз қолданатын сағаттан тәулігіне 38 млн секундқа тез жүреді, - деп қорытындылады спикер.
Nobel Fest — Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір алмасуға және білім алмасуға арналған бірегей платформа.
Нобель фестивалінің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету.
Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі «Altyn Qyran Foundation» қолдап отыр.