×

Алдағы 10 жылда интернетте үлкен өзгеріс болады – инноватор Прасанна Санкар

Nobel Fest халықаралық фестивалінде жасанды интеллект, интернеттің орны мен болашағы талқыланып жатыр

 Айгерім Таубай 05.10.2023 | 16:41
фото: Halyq Uni

Rippling компанияларының негізін қалаушылардың бірі жəне бас директоры Прасанна Санкар Астанадағы Nobel Fest 2023 халықаралық фестивалінде блокчейн, интернеттің дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Halyq Uni.

Кейінгі 10 жылда ең үлкен өнертабыстың бірі – блокчейндардың жасалуы. Блокчейн дегеніміз не? Мысалы бір компанияда белгілі бір компьютер, бағдарламалар бар. Ол компаниялар түбірлік ережелерді өзгерте алады. Блокчейндар деректер базасын орталықсыздандырып отыр. Тіпті негізін салушының өзі негізгі түбірлік ережелерді өзгерте алмайтын қылып тастайды, - дейді Прасанна Санкар.

Айтуынша, қолданушылар компания иелері сияқты жұмыс істейді. Яғни, компания тарапынан бақылау болмайды, барлық билік қолданушыларда болады. 

Интернеттің негізгі табиғатымен күресе алмаймыз, ол нарықтың бір бөлшегін алады. Алдағы 10 жылда интернетте үлкен өзгеріс болады. Біз бұл туралы көп айттық, - дейді спикер.

Прасанна Санкар 20 ғасырдың басында орталықтандыру қарқынды іске асқанын, үкімет бәрін бақылауға алғанын айтты. Интернет дамығаннан кейін адамның қайда тұратыны маңызды болмай қалды.

… Қытай мен Үндістанды салыстыратын болсақ,екі ел бір-біріне қарама-қарсы болды. Қытай Facebook-ты өз еліне кіргізбеді. Ал Үндістанның бұған қатысты көзқарасы басқа болды - АҚШ желісін қолданып көрейік деді. Барлығын ашық қабылдады, - дейді ол.

Nobel Fest — Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір алмасуға және білім алмасуға арналған бірегей платформа.

Нобель фестивалінің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету.

Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі «Altyn Qyran Foundation» қолдап отыр.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама