ЖОО жүйесі қазір өте үлкен реформалық өзгерістерге ұшырап жатыр
Жасанды интеллектің дамуымен жоғары оқу орындарының жүйесі қазір үлкен реформалық өзгерістерге ұшырап жатыр. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Дәрия Қожамжарова жасанды интеллектің жоғары білім саласына әсері туралы айтты, деп хабарлайды Halyq uni.
Nobel Fest – болашақтың жұлдыздары мен ғалымдары үшін үлкен іc-шара, оның арқасында Қазақстанның жаңа тарихи беттерін ашылады. Әуезов университеті осы фестиваль тарихына енді. Қазір оған өзге де ЖОО-лар қосылып жатыр. Z буынның өкілдерін дайындауға қабылетті ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігі дәл осындай жобалардың басталады деп түсінемін. Сарапшылардың болжамы бойынша, 10 жылдан кейін әлемдегі өнімдер мен қызметтердің 70 пайызы жасанды интеллекті қолданатын цирфрлық платформалық модельдерге негізделетін болады. Мұның өзі жаңа салалар мен жұмысқа орналасуға мүмкіндіктер жасайтын болады, - деді ол Nobel Fest 2023 ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде.
Оның пайымынша, жасанды интеллект, адамдар мен машиналар арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүмкіндік береді. Сондай ақ бұл түйіткілді мәселелерді тиімдірек және нәтижелі шешуге алып келеді.
Уақыттың өзгеруімен жаңа ғылыми технологиялардың пайда болуына байланысты біз инновациялардың қарыштап дамып келе жатқанын көріп отырмыз. Осы ретте университеттің түлектері қандай жағдайда деген сауал туындайды. Университет түлектерінің алған білімі кейде олар жұмысқа орналасқанға дейін ескіріп қалатын жағдайларға келіп отырмыз, - деп толықтырды сөзін.
Айта кетейік, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 1943 жылы ашылған. Қазіргі күні университет 300-ге жуық ғылым білім бағдарламасы бойынша Еуропаның және Орта Азияның 280 университетімен жұмыс істейді.
Жалпы өнеркәсіп тұрғысындағы немесе өнеркәсіпке баулу, сол елдің экономикасын көтеру үшін едәуір уақыт пен ресурстардың қажет екенін қазір уақыттың өзі дәлелдеп отыр. Ал білім беру саласындағы өзгерістер әлі де өсу аймағы саналатын жасанды интеллектің дамуында маңызды шамада өмір сүру қажеттігі бар. ЖОО жүйесі қазір өте үлкен реформалық өзгерістерге ұшырап жатыр. Бұл цифрлық дәуірде жасанды интеллекті қолдануға тиімді, сенімді түрде көшуді қамтамасыз ететін көпір ол ЖОО деп есептейміз, - деді ректор.
Сонымен қатар ол бүгінгі таңда жоғары оқу орындарының алдында тұрған бірқатар міндеттерге тоқталды.
Цифрлық сауат, бағдарламалау, софттың әдіснамасы барлығы маңызды пәндерге айналып, оқу орындарының бағдарламасына енгізіліп жатыр. Ол бизнеспен бірге жұмыс істейді. Жасанды интеллектпен бірге біз неғұрлым дербес, ерекшеленген бағдарламаларды жасай аламыз әр барлық білім алушылардың дарындарын ескереміз. Сондықтан университеттердің негізгі күші осы нарықтың трансформациясы және жасанды интеллекті дамытуға бағытталған болуы керек, - деді Дәрия Қожамжарова.
Еске сала кетейік, Nobel Fest — Нобель сыйлығының лауреаттарымен, көрнекті ғалымдармен және сарапшылармен пікір алмасуға және білім алмасуға арналған бірегей платформа.
Нобель фестивалінің басты миссиясы – жаһандық білім мен ғылымды әлемнің кез келген бұрышына қолжетімді ету.
Білім, ғылым және инновацияларды дамыту бойынша Нобель фестивалінің миссиясын отандық және халықаралық ұйымдар, оның ішінде фестивальдің бас серіктесі, Қазақстанның ең ірі қоғамдық қорларының бірі «Altyn Qyran Foundation» қолдап отыр.