Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты тағы бір үндеу жасады
Бұған дейін Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты даулы мәлімдеме жасаған еді
Ресейлік журналист, шоумен Тигран Кеосаян Қазақстанға қатысты тағы бір мәлімдеме жасады.
Журналист өзінің өткен сөзінде ол Қазақстан халқына емес, Үкіметке жүгінгенін атап өтті.
«...Менің айтқандарым ол Қазақстан үкіметіне қатысты еді. Оны түсінгендер түсінді. Қандай қорқыту? Мен қорқытқан жоқпын, ескерттім. Осылай болуы мүмкін деп ескерттім. Украинаның қазіргі жағдайы дәл осылай - мерекеден бас тарту, тілден бас тартудан басталған болатын», - дейді Кеосаян.
Тигран Кеосаянның бұған дейін Қазақстанға қаратып айтқан даулы мәлімдемесі мынадай:
«Қазақтар, бауырлар, бұл не қылған құрметсіздік? Сендер Ресей жойылып кетеді деп ойлайсыңдар ма? Марсқа эммиграция жасайды деп ойлайсыңдар ма? Әлде сендер Марсқа эммиграция жасайсыңдар ма? Мен Ресей Федерациясының азаматы ретінде өзімнің жеке пікірімді айтып тұрмын. Украинаға жақсылап қараңдар. Жақсылап ойланыңдар. Біздің жауапты тұлғалар да өзара қарым-қатынас деңгейін қайта бағалап, қайта қарауы керек деп ойлаймын. Өйткені, әрі қарай да осылай болады, қу, зымиян боламыз деп ойласаңдар, ол үшін ештеңе болмайды деп ойласаңдар, қателесесіңдер. Әлем өзгерді. Пойыз кетіп барады. Сендер соңғы вагонға отырып үлгере аласыңдар. Кем дегенде, мен бұған сенемін, өйткені достық аяқталды. Қазір бұл аман қалу мәселесі. Соғыс жүріп жатыр. Үлкен идеялардың, екі үлкен елдің соғысы жүріп жатыр - Америка мен НАТО. Бауырлар елдер жақсылап ойланып, қай жаққа қарай шығу керектігін ойлауы тиіс. Ал біз кім бар, кім жоғын қарастыруымыз қажет. Кем дегенде экономикалық және ақпараттық доктриналарда. Жетер, Қазақстан билігіне көмектесе беруді. Ал сендер парадқа жол бермей жатсыңдар ма? Расымен бе?».