×

«Путин қатерлі ісікпен ауырады» - Украина әскери барлауының басшысы Буданов

Буданов Ресей - Украина арасындағы соғыстың қашан бітетінін айтты

 Дастан Жұмабекұлы 15.05.2022 | 15:49
фото: ашық дереккөз

Украина әскери барлауының басшысы Кирилл Буданов Ресей президентінің қатерлі ісікпен ауыратыны белгілі болғаннан кейін оны орнынан алуға әрекет жасалып жатқанын мәлімдеді.

Бұл туралы ол Sky News басылымына берген сұхбатында айтты.

«Украинская правда» порталы Будановтың сұхбатын жариялап, оның Ресей мен Украина арасындағы соғыстың қашан бітетінін, Ресей президентінің айықпас дертке ұшырағыны туралы мәлімет берген.

Будановтың айтуынша, соғыс тамыз айында бел ортасына келіп, жылдың соңында аяқталады.

«Соғыстағы бетбұрыс тамыз айының екінші жартысында болады. Сол кезде ол мүлдем басқаша сипат алады. Ал жылдың соңына қарай белсенді ұрыс қимылдарының басым бөлігі аяқталады. Біз өз еліміздің барлық территориясында украин билігін қалпына келтіреміз. Соның ішінде Донбасс пен Қырымда да бар. Еуропа Ресейден үлкен қауіп көріп тұр. Олар агрессиядан қорқады. Біз Ресеймен сегіз жылдан бері соғысып келеміз.  Ресейдің жарнамаланып келген зор әскери қуаты жөніндегі әңгімелер – бос сөз, жай аңыз. Ол Путин айтып жүргендей күшті емес. Ресей – тек қарулы адамдардың ордасы ғана. Біз өз дұшпанымыздың барлық қырларын білеміз. Біз олардың жоспарларын сол жасап жатқан кезінде-ақ біліп қоямыз», – деді Буданов.

Сұхбатта Буданов тағы бір әңгімені айтты. Ол Ресейдің Украинаға шабуылының қай күні, қай кезде, қай бағытта болатынын дәл айтып бергенмін дейді.

Сол кезде Украина үкіметіндегілер Ресейдің өздеріне шабуыл жасауы туралы әңгімеге күле қарап отырғанда мен РФ әскерінің елімізге шынымен басып кіретінін және ол қай күні, қай уақытта, қай бағытта болатынын айтып бергенмін, - деді ол.  

Сондай-ақ, ол  Ресейде Путинді орнына алып тастау үшін қадамдардың басталып кеткенін айтты.

«Ресей лидері айықпас дертке ұшыраған. Барлаудың мәліметінше, Путиннің бұдан басқа да бірнеше ауыр кеселдері бар. Путиннің ауруы күшейіп кеткен. РФ-да төңкеріс дайындалуда», – деді Буданов.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама

Әлем чемпионы атағы үшін айқасқан Жанқош Тұраровтың жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды

12 раундқа есептелген жекпе-жек Тұраровтың жеңісімен аяқталды
21.03.2023 | 21:58

22 наурызға арналған ауа райы болжамы жарияланды

Республиканың солтүстігінде, оңтүстік жартысында тұман болып, жел күшейеді, сондай-ақ оңтүстікте найзағай ойнайды
21.03.2023 | 20:45

Абай облысында ерлі-зайыпты қылмыс үстінде ұсталды

Жарма ауданында аса ірі көлемде есірткі саудалаған әйелі мен күйеуі «Алматы-Семей» тасжолында көлікпен келе жатқанда ұсталды
21.03.2023 | 19:50

Маңғыстау облысында 12 ауыл ауыз сумен қамтылды

Өңірде су тапшылығы мәселесі өзекті болып отыр
21.03.2023 | 17:35