Балалар суицидінің 40%-ының себебі ешқашан анықталмаған
Құқықтық статистика мәліметіне сәйкес, соңғы 8 жылда Қазақстанда орта есеппен 172 балалар суициді болған. Бұл туралы «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры Дидар Смағұлов мәлімдеді, деп хабарлады Halyq Uni.
Қазақстанда жылына орта есеппен (8 жылдағы құқықтық статистиканың мәліметі) балалар суицидінің 172 фактісі болады. Ал суицид әрекеті одан да көп, 355 жағдай. Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») бойынша кәмелетке толмағандарға қатысты 40 қылмыстық іс қана қаралған, – деп жазды ол.
Сонымен қатар Дидар Смағұлов балалар суициді бойынша қылмыстық істің небәрі 23%-ы, ал өзін-өзі өлтіруге әрекет ету бойынша істердің бар болғаны 7,5%-ы бойынша қылмыстық істер тергеліп жатқанын атап өтті.
Ал қалған фактілер жай ғана назардан тыс қалып жатыр. Сонымен қатар, балалар суицидінің 40%-ының себебі ешқашан анықталмаған. Еш бақылау болмаған соң, ешкім оның себебін анықтап жатқан жоқ. ІІМ Тергеу департаментінің өкілі істердің көпшілігі тіпті тіркелмейтіндігіне әркімнің өз-өзіне қол жұмсауының өзіндік себептері бар екенін алға тартып отыр.
Өз-өзіне қол салу – тығырыққа тіреліп, шығатын жол таппағанда баратын соңғы шара. Оған барған балалардың жан-дүниесінде не болып жатқанын елестерудің өзі қиын. Ал ІІМ бұл фактілерді зерттегісі келмейді», – деді «Әділдік жолы» РҚБ атқарушы директоры.