Оның әр қазақстандық үшін маңызы бар
Ұлттық банк алаяқтықпен айналысатын сайттардың көбейгенін ескертеді. Олар өзін жеке инвестиция тарту үшін Ұлттық банк әзірлеген бағдарлама ретінде таныстырады. Ондай «бағдарламалардың» кейбірінде мобильдік қосымша да бар.
Анықталған ресурстарда «Мемлекеттің алтын-валюта қорынан» немесе «Қазақстанның ұлттық ресурстарынан» түсетін кірісті бағдарламаға қатысушылардың пайдасына бөлу туралы жалған ақпарат орналасқан. Сондай-ақ Ұлттық банк басшылығы, оның ішінде бұрынғы басшылар атынан шындыққа сәйкес келмейтін мәлімдемелер, қолданыста жоқ лицензиялар нөмірлері, жалған құқық белгілейтін құжаттардың скан-көшірмелері де берілген.
Мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің белгісі анық білінеді. Өйткені:
Түптеп келгенде мұндай фейк сайттардың мақсаты – кездейсоқ интернет-пайдаланушының жеке деректерін жинау әрі ақша ұрлау.
Ұлттық банк мұндай жарнамаларды елемеуге, керісінше, бұл контентті алаяқтық деп белгілеуге, ал жеке мағлұматтың тарап кетуіне жол берілген жағдайда алаяқтық фактісі бойынша іс тексерілуі үшін тиісті өтінішпен құқық қорғау органдарына жүгінуге кеңес береді.
Бұған дейін де Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасаған болатын.