Halyq Uni логотип
×

Әйелдерді «ашкөз жаратылыс» деп атаған Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі кешірім сұрады

Рустам Айдарханов әйелдердің көңіліне тиетін пікірді өзі жазбағанын айтып ақталды

 Халық үні 14.12.2021 | 12:14
Әйелдерді «ашкөз жаратылыс» деп атаған Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі кешірім сұрады
скриншот: facebook

Қаржы министрлігінің әдеп жөніндегі уәкілі Рустам Айдархановтың Facebook желісіндегі пікірі дау туғызды. Отбасы істері жөніндегі адвокат Олег Чернов әлеуметтік желіде мүлкін бөліске салған ажырасқан ерлі-зайыптылар жайлы жазба қалдырған. Сол жазбаға қатысты Қаржы министрлігінің өкілі өз «пікірін» қоса кеткен.

…..Жағдай ажырасуға келіп тірелгенде, әйелдер ашкөз жаратылысқа айналып шыға келеді. Бар көздегені – мүлікті бөліске салу, - деп жазған ведомствоның әдеп жөніндегі уәкілі.

Алайда, желідегі оқырмандар мемлекеттік қызметкерді сексизмге айыптап, оның әйелдерді «ашкөз жаратылыс» деген сөзі дауға айналды.

Көп ұзамай, Рустам Айдарханов бұл пікірді өзі жазбағанын, әйелдерге қатысты айтқан сөзі өзінің азамат ретінде, мемлекеттік қызметкер ретінде көзқарасын білдірмейтінін айтып ақталған.

Серіктес жаңалықтары

Сараптама